Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  мағыналы көлемде түсінік бере отырып, ойын арқылы балалардың ұлттық құндылыққа  деген қызығушылығын, сана — сезімін, ынта — жігерін арттыру.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын
Көрнекіліктер: Ұлттық құндылықтардың суреттері,ұлттық бұйымдар,ұлттық ыдыстар,тағамдар, аспаптар.киімдер.
 Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме,
         Шаттық шеңбері:
Ал  балалар  тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты  көтеріп,
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық .
Тәрбиеші:
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Оларды атап шығыңдар.
Осы кезде топқа өзге ұлт азаматы келеді.
-Саламатсыңдарма балалар мен шет елден келген саяхатшы боламын.Мен Қазақстан деген елді мекенді көргім келіп, саяхаттап келдім. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен, тұрмыс тіршілігімен  танысқым келеді маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, әрине келіңіз, төрлетіңіз! Біздің қазақ халқы өзінің  қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Балалар шет елден келген қонағымызға өзіміздің  ұлттық құндылықтарымызды таныстырайық.
 Ұлттық құндылықтарға шолу жасау.
-Бір ұлтты екінші ұлттан ерекшелендіріп  тұратын ол әр ұлттың ұлттық құндылықтары. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері,  әдет- ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық – «ұлт» деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды.
Қонағымызға,  ұлттық ыдыстарды, киімдерді,тағамдарды, ойындарды, бұйымдарды көрсету, түсіндіру. Өзге ұлт өкіліне ұлттық құндылықтарымызды әрі қарай түсіндіру үшін, ұлттық құндылықтар туралы  дидактикалық ойындар ойнату.
Ортада дөңгелек үстелдің үстінде шаңырақтың суреті оның уықтарында тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды кезекпен орындайды.
Дидактикалық ойындар:
І ойын: (топтық жұмыс)
     1.«Асықтарды түсіне қарай сәйкестендір»
        Шарты:
1.Балалардың алдына түрлі-түсті  шеңбер беріледі,сол шеңбердегі түске байланысты асықтарды  қыстырғыш арқылы сәйкестендіреді.
  1. Балалардың алдына шаршыда асықтардың көлеңкесі беріледі,сол көлеңкеге  және түсіне байланысты асықтарды орналастырады.
  2. «Асықтарда берілген пішіндерді дұрыс орналастыр.»
Шарты: Асықтарда берілген пішіндерге  байланысты, алдын-ала қиылған пішіндерді, пішініне және түсіне қарай  орналастыру.
ІІ ойын: (жұптық жұмыс)
«Алаша құрастыру»
Шарты: Бөліктергебөлінген суреттерденалаша құрастыру.
«Оюлардың көлеңкесін тап»
Шарты: Оюлардың көлеңкесі берілген ,оюларды көлеңкесіне қарай орналастыру.
«Ұлттық аспаптардың көлеңкесін тап»
 Шарты: Ұлттық аспаптардың көлеңкесі берілген ,аспаптарды көлеңкесіне қарай орналастыру.
      4.«Оюдың жартысын тап»
           Шарты:Оюлардың жартысы  берілген,келесі жартысын табу.
 ІІІ ойын: (жеке жұмыс)
    1.«Киіз үйде не  бар?» шам әдісі арқылы.
     Шарты: Шам әдісі арқылы киіз үйдің ішіндегі ұлттық құндылықтарды атап шығу.
Сергіту сәті: Ойын: «Ою-өрнек» кубик әдісі арқылы.
     Шарты: Кубикте оюлар бейнеленген ,кубикті лақтырғанда түскен ою бойынша      балалар секіреді.
ІV ойын: (жұптық жұмыс)
«Асық ату»
Шарты: Асықты шерту арқылы келесі бетке өткізу,кім көп асық жинайды, сол жеңімпаз ұл балалар ойнайды.
«Асықтарды санына қарай  дұрыс орналастыр»
Шарты: 1-ден 5-ке дейін сандарберілген, сол сандар бойынша асық жинайды.
V ойын: (жеке жұмыс)
1.Ұлттық құндылықтарды топтастыру.
Шарты: Ұлттық құндылықтарды топтастырады және ол туралы айтып береді. Осы ойын арқылы  іс-әрекетімізді қортындылаймыз.
Шет елден келген қонағымызға  ұлттық тағамымыздан ауыз тиюді ұсынамыз.
Менің кететін уақытым болды, Қазақстан деген керемет жер екен деп алған әсерімен бөлісіп, қоштасады.Сау болыңдар!
Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз,
Қадірлейміз қазағымның мұрасын.
Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз,
Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын — деп келген қонақтармен қоштасады.
— Сау  болыңыздар!
Ж.КӘРІБАЕВА,
«Ғани-Инабат» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.
Д.САЛДАР,
тәрбиешісі.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...