Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӨЗБЕКСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

         Ауданымыздың басшысы Бақыт Асанов аудандық Мәдениет үйінің залында ауданның шаруа қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлерін басып қосып,  инвестиция тарту мақсатында жиын өткізді.
          Өздеріңізге белгілі, облысымыздың әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмасы берлген болатын. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 28-30 тамыз күндері ауданәкімі Б.Насырханұлы бастаған жеке кәсікперлер және аудандық маслихат депутаттарынан құралған делегация Өзбекстан мемлекетінің Наманган, Андижон, Ферғана облыстарындаболып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын.
         Осы маңызды кәсіпкерлік іс-сапар барысында аудан делегациясы бірқатар кәсіпорындардың жұмыстарымен жан-жақты танысып, біргелікте жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілді. Осыған орай, ауданымыздағы шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлерімен кеңесу және алдағы уақытта атқарылатын инвестициялық жобаларды талқылау, мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында ауқымды жиналыс өткізілді.
       Жиын барысында аудан әкімі Бақыт Асанов көрші мемлекеттің тәжірибесін мысалға ала отырып, өзіміздің өңірде, жеңіл өнеркәсіп саласын, аяқ киім тігу, жиһаздар құрастыру және қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыстар атқаруымыз қажеттігін айтып өтті. Сондай-ақ, жиын барысында іс-сапармен барып қайтқан жеке кәсіпкерлер мен маслихат депутаттары да өз ойларын жеткізіп, өз ойларымен бөлісті.
          Залдан сөзге шыққан азаматтар сонымен қатар, алдағы уақытта халықтың сұранысын қанағаттандырушы  инвестициялық жобаларды көбейту мақсатында әрбір ауылдық округтің аумағында тұрақты түрде түрлі кәсіппен айналысатын немесе сонымен айналысқысы келетін жеке кәсіпкерлерді жинап, қажетті мамандардың қатысуымен жиындардың ұйымдастырылуын сұрады.
С.ҚАЛМҰРАТҰЛЫ, Мақтаарал ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...