Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МАҚСАТ – АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МАҚСАТ – АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

МАҚСАТ – АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

        Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты — еліміздің барлық өңірлерінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру болып табылады. Оның шарты бойынша ауыл тұрғындарына микрокредиттер жылдық 2,5 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен берілуде.
       2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама аясында еліміз бойынша  12,2 млрд. теңгеге 75,5 мың шағын несие беріліп, 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Түркістан облысында 3 256 млрд. теңгеге 19,8 жоба қаржыландырылды, 3 413 жұмыс орны ашылды. Кооперативтер негізінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға басымдық берілді.
       Осы бағдарлама арқылы жүзеге асқан барлық жобалар тұрғындардың табысын арттырып қана қоймай, жалпы өңірге оң әсер етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде.
       Елді мекендер мен қалаларда микрокредит беру қағидалары бекітілді. Шағын несиелер өтініш берушілерге мерзімі, төлеу, қайтару, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану қағидаттарының шарттары келесідей:
  • шағын несие беру мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына шағын несие беру – 7 жылға дейін;
  • шағын несиенің ең жоғары мөлшері – 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 АЕК-ке дейін.
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5%-дан аспайды;
  • кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
  • негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең шағын несиелеу мерзімі 1/3 аспайды;
  • шағын несие беруге мақұлдау алғаннан кейін ҚР салық заңнамасына сәйкес салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
        Елді мекендердің және шағын қалалардың жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының кірістерін арттыру жобасын іске асыру шеңберінде шағын несиелер алуға жұмыссыздар, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және жек кәсіпкерлер, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өтініш бере алады. Сонымен бірге сату үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер де несиелеуге қатыса алады.
         Атап кетерлігі 2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. Бұл қаржы 16 мыңнан астам шағын несие беруге бағытталып, 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...