Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ КӨРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ КӨРДІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ КӨРДІ

          Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев келіп, аудандағы салынып жатқан және күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандармен танысты.
           Облыс әкімінің орынбасары  Б.Тәжібаевқа, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Төребаев алдымен  Мақтаарал ауылдық округіндегі, 200 оқушы жазғы сауықтыру қызметтерін алып жатқан «Толағай» лагеріне алып барды. Мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Аудан басшылығы демалыс орнын күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс білдірді.
        Бейсен Дәулетұлы барған кезекті нысан – Атакент кентіндегі Қ.Сәтбаев атындағы №6 мектебіндегі күрделі жөндеу құрылысы биыл маусым айында басталған. 570 орындық осы білім ошағын келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ол А.Пушкин атындағы №7 мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалап, мердігерлерге жұмысшы күшін екі есе көбейту және құрылыс сапасына аса мән беруді тапсырды. Сапар аясында облыс әкімінің орынбасарына М.Тұрсын-заде атындағы білім ұясының да қиын жағдайы көрсетілді.
      Білім ордаларынан бөлек Бейсен Тәжібаев мырза А.Қалыбеков ауылдық округіндегі Төрткүл елдімекенінде салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы да көріп, ауданда мәдениет саласында инфрақұрылымды жақсартуға жақсы көңіл бөлінгенінің куәсі болды. Соңғы жылда 2 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, биыл наурыз айында басталған Алғабас елдімекеніндегі Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталады деп күтілуде.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...