Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
48 HOUR FILM RACE ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » 48 HOUR FILM RACE ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

48 HOUR FILM RACE ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Алматы, 2020ж. 20 қараша — Бесінші «48 сағатта кино түсіру» байқауы Орталық Азияның жаңа бастаған және тәжірибелі кинематографистері арасында жоғары сұранысқа ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Байқау ұйымдастырушылары 300-дің ішіндегі үздіктер, яғни Топ-48 финалист фильмді таңдады. Ал желтоқсан айында жеңімпаздардың атын жариялауды жоспарлап отыр.

Жаһандық пандемияға қарамастан, жыл сайынғы «48 сағаттық кино түсіру» байқауының өзектілігі азайған емес. АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінің қолдауымен ол қысқа метражды кино арқылы сторителлинг дағдысын дамытуға бағытталған. Қатысушыға қойылатын талап — 4-минуттық фильм арқылы бір әңгімені баяндау, және оған 48 сағат уақыт беріледі. Байқау әуесқойларға да, тәжірибесі бар режиссерлерге бірдейарналған.

АҚШ Бас консулдығының Мәдениет атташесі Стефани Страфаченің айтуынша, көктемге жоспарланған байқауды 2020 жылдың күзіне ауыстыруға. «Биыл фестивальді ұйымдастырмаймыз-ау деп аса ойлаған емеспіз. Біз жыл сайын қолдау көрсететін ең ірі жобалардың бірі биыл да Орталық Азияның кино әуесқойларының басын қосады деп үміттендік. Пандемияға байланысты қиын жағдайда түсірілсе де, талай сапалы фильм келіп түсті. Бұл осы аймақтың тұрғындарының шығармашылық қабілетінің көрінісі, ал 48 Hour Film Race — сол қабілетті көрсететін жер!», деп бөлісті Консулдық өкілі.

Мерейтойлық шығарылымның жағымды жаңалығы — Нью-Йорк кино академиясымен серіктестік болды. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз киноакадемияда онлайн оқу курсынан өтуге арналған стипендияға ие болады. Жеңімпаздарға алты бағыттың бірі бойынша 15 апталық курсты таңдау ұсынылады. Жеңімпаздар «Үздік фильм«, «Үздік режиссер«, «Үздік сценарий» номинациялары бойынша анықталады. Сондай-ақ, алғаш рет Интернет қолданушылары «Көрермендер көзайымы сыйлығы» санатындағы сүйікті фильм үшін өз дауыстарын бере алады.

Байқауды қазақстандық Technodom компаниясы тағы да қолдады, ол жүлде қоры ретінде әуесқойлар үшін де, кәсіпқойлар үшін де түрлі баға санатындағы Sony компаниясының үш цифрлық фотоаппаратын ұсынады.

Гала көрсетілім мен жеңімпаздарды іріктеу желтоқсан айына жоспарланған. Фестивальді ұйымдастырушы және Дипломатиялық миссияның серіктесі Андрей Мануйлов виртуалды гала-кештің бұрындары дәстүрлі түрде Алматыда өтетін кешпен салыстыруға келмейтінін мойындайды. «Кинотеатрлар біртіндеп ашыла бастағанына қарамастан, өткен жылдардағыдай Қазақстан қалаларында және өңірдің басқа да елдерінде көрсетілім ұйымдастырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі жағдай қанда болса да, биыл байқауға 967 команда тіркелді, олардың 300-і өз фильмдерін жіберді. Біз бұл нәтижеге өте ризамыз және көп ұзамай іріктеу тобы. Бір ай бойы іріктеушілер алқасы конкурстық фильмдерді мұқият бағалап, финалистердің тізімін көпшілікке ұсынуға дайынбыз», — деп бөлісті Андрей.

Топ-48 финалистер тізіміне іліккен фильмдерді байқаудың YouTube арнасынан көріп, ұнаған фильмге дауыс беруге болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...