Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

         Мектепте өтілетін пәндер арасында қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда алатын орны ерекше.
       Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы арқылы оқушыларды эстетикалық әсерге бөлеу, әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт-сананы біліп тәрбиелей аламыз.
       Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Әдебиет пәнінің тұтас ұлт, жалпы адамзат үшін осындай ерекше ортақ қажеттілігі тұрғысынан келгенде, оған басқа ешбір пән тең келмейтіні аян. Сондықтан ақындардың шығармашылығы бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, олардың шығармаларының тарихи мәнін, дәуір тынысын көрсету, оны шәкірт санасына сіңіре білу қажет.
         Осы орайда жаңа технологиялар сабақты әр түрлі формада өткізуге мүмкіндік береді, пәнді оқытудың тиімділігін арттырады. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді. Оқушының білім сапасын арттыруға көмектеседі.  Ал ақпараттық жаңа технологияны қолдану оқушыға не береді? Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігінің өсуімен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады. Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі. Уақытты ұтымды, үнемді пайдалануға үйретеді.
       Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызып, шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Эльвира АЙМЕНОВА,
 Т.Бигелдинов атындағы №46 ЖББМ-нің
 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...