Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ӘДЕПТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ӘДЕПТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

ӘДЕПТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Әдептілік ар ұят
Адамдықтың белгісі…
деп айтқандай әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең.
«Әдеп» — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этникалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы,жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті , әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
       Әдептілік — адам бойында бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбие жемісі. Негізі әдептілік сәлемнен басталады.
       Сәлемдесу — ізеттіліктің белгісі. Ал ізеттіліктен туатын қағида-әдептілік. Ол адамдар бір-біріне мейірімді екендігін білдіреді.
         Ата-ана өз балалары үшін, тәртіптілік, ынтымақтастық, адалдық пен адамгершіліктің үлгісі болып табылады. Отбасының тірегі әке мен ана, ал қос шынары атасы мен әжесі. Сондықтан да, осы кісілердің әрбір ісі бала үшін өнеге, өсиет болуы қажет.
          Ізеттілік пен сыпайылық, әдептілік,әдемілік бәрін адам отбасынан алса алады. Әр бала отбасын сыйлауы ол адамгершілік қасиет. Әке-шешеге ешқащан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-ананы ренжітпеу — әр баланың өмір бойғы парызы яғни міндетісіне отбасыдағы тәрбие құдіреті осы.
        Жақсы жаман болу міндет емес,
        Жақсы адам болу борыш.
        Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет. Әбу Насыр Әль-Фараби былай деген екен.«Әдептілік — әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы.»
         Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын — өнеге, өсиет. Мысалы: Мен қандай болуым керек? Адал, мейірімді, кеңпейіл, еңбекқор, сөзінде тұратын, иманды,нағыз адамшыл қасиетті жан болу. Сондықтанда, біз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, жаман әдетті жоюымыз керек.
        Адамның басшысы — ақыл, жетекшісі — талап, қорғаны — сабыр, жолдасы — кәсіп, қорғайтын қорғаушысы — мінез, бәрін тәртіпке реттейтін-әдептілік. Біздің халқымыз әрәркезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған. Өйткені мағынасы, мәні бәрі өмірден алынған. Сонымен, өз ниетің түзу болса, жылы сөз айтсаң, біреуге жақсылық жасасаң қайтып келеді. Бір әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүрейік. Адам әрдайымда бет сүлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.
        Ата-анаға керегі бір-ақ нәрсе, айтқызбаса болғаны «әдепсіз» деп. Жақсы жүрген жерде қыдыр болады, Жақсылыққа аңғаратын жолыңды. Әдеп пен әдептілікті әрдайым сақтап жүрейік, ағайын!
Сауле АЛИМБЕТОВА,
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
 педогог-зерттеуші. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...