Home » Қоғам » Білім саласы » ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ

        Тарихымыздан белгілі 1991 жылғы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік – халқымыздың мәңгілік құндылығы. Бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
          Біз – бақытты ұрпақпыз… Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған басқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай адамның жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.
         Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
           Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Бүгінде біз –  көк туымыз желбіреп,  қанатын кеңге жайған егеменді елміз.
               Аз ғана мерзімде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізген, парасатты да көреген саясатының нәтижесі ретінде орнады.  Экономикасы дамып, халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар реттеліп, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол жерде алған білімін Отанында қолдануға мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда спорттан ұйымдастырылатын олимпиада,  спорттық ойындарда қазақстандық бауырларымыз жоғары орындардан көрініп, ел беделін көтеруде, еліміздің әнұраны бүкіл әлем алдында жиі ойнатылып, Қазақстан деген мемлекет күннен-күнге әлем үшін жаңа белестерден көрінуде.
           Осы жиырма тоғыз  жылдықта қазақ елі көптеген жетістікке жетті. Өз туымызды көкке желбіреткен олимпиада жеңістері, төл теңгеміздің шығуы, ЭКСПО көрмесінің өту беделіне ие болуымыз, егемен еліміздің айбынын асқақтата түсті. Мемлекетіміз әлемге өзін мойындату жолында өз алдына қарыштап дамуды мақсат етті. Сол мақсатқа жетіп, қазір әлем таныған алпауыт мемлекеттермен тереземіз теңелді. Ең алдымен, жер көлемі жөнінен тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан көпұлттылығымен аты шықты. Алтайдан-Атырауға дейін созылып жатқан жерді иемденген қазақ халқы қашан да бауырмал. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген жат жұрттардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.
            Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі  2003 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астанада өтті. Астанадағы алғашқы діни форумның жұмысына ислам, христандық, иудаизм, синтоизм, индуизм, буддизм діндерінің ең беделді өкілдері қатысты. Адамзат тарихында алғаш рет ірі діни қауымдастықтардың өкілдері бір залда бас қосты. Съезде христиандықтың барлық тармақтарының – православиенің, католицизмнің, протестанттықтың өкілдері болды. Ислам ойының басты орталықтары өздерінің өкілдерін жіберді, форумға сүннизм мен шииттік ағымдардың, ірі азиялық діндердің беделді қайраткерлері қатысты. Съезд өркениетаралық және мәдениетаралық диалогтың жаһандық үдерісіне зор үлес қосты және әлемге әртүрлі діндер мен ұлттардың адамдарының болашағы, бейбіт және лайықты өмірі игілігі үшін ынтымақтастық идеясына балама жоқ екенін көрсетті.
           Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан, біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз да осы тәуелсіздік арқасы деп айта аламыз.
Салтанат АНАРБАЕВА,
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих пәні мұғалімі,  педогог-зерттеуші.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...