Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕРМҰРАТ БӘПИ: «ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕРЕУІЛГЕ ШЫҒАМЫН» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЕРМҰРАТ БӘПИ: «ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕРЕУІЛГЕ ШЫҒАМЫН»

ЕРМҰРАТ БӘПИ: «ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕРЕУІЛГЕ ШЫҒАМЫН»

           Мәжілісмен Ермұрат Бәпи «Paryz.kz» берген сұхбатында «Каменка» асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді қайтару үшін аянбайтынын айтты…
        «Біз – депутаттар Мәжілісте ақ тер-көк тер болып, Қазақстан халқынан ұрланған, талан-таражға түскен активтерді елге қайтаруға қатысты заңды қабылдап жүргенде, Алматы жақта «ескі» Қазақстанның Назарбаевтан қалған жебірлері мен жемқорлары қарапайым халықты қанауды жалғастырып жатыр. Нақтылап айтқанда, Нұрбол Болатұлы Назарбаев, Қайрат Сатыбалды мен Ахметжан Есімовтің нөкерлері және «қаңтар генералы» Серік Күдебаев Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты бұрынғы «Каменка» асыл тұқымды мал зауытының ұжым мүшелеріне пайға берілген жерді көпе-көрнеу тартып алған», — деді Ермұрат Бәпи «Paryz.kz» берген сұхбатында.
         Оның айтуынша, пайшылардың 274 гектар жері заңсыз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге рәсімделген. Одан кейін екі мыңнан астам адамның үлесін «ИЖС»-ке айналдырып, оның едәуір бөлігі сатылып кеткен. Оларға Алматы облысы мен Қарасай ауданының прокуратурасы да көмектесе алмай отыр.
       «Тартып алынған жердің біраз бөлігін экс-президенттің жақын адамдарының кәсіпорындарына рәсімделген. Жергілікті прокуратура мен полиция зарлаған халықтың емес, тойымсыз, тажал кланның мүддесін қорғауда», — деді депутат.
          Қазіргі кезде пайшылар 274 гектардың жартысын мемлекетке қайтаруға келіскен. Өздеріне жартысын ғана қалдыруды сұрапты. Олар ереуілге шығуға дайын отыр. Егер олар ереуілге шығатын болса, мен де солардың қатарынан табылатын боламын дейді.
         «Бұл мәселе әділетті түрде шешілуі үшін жер дауын аяқсыз қалдырмаймын! Егер іс тағы да назарбаевшыл адамдардың мүддесіне шешіліп, жер иелері зарлап қалатын болса, ел президентіне дейін барамын!», — деді Бәпи.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...