Home » Жаңалықтар

Жаңалықтар

АРТЫҚ ТӨЛЕМДЕРДІ БАСҚАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ҚР ҚМ МКК салықтарды төлеу рәсімдерін жеңілдету және ыңғайлылығы үшін «салық әмияны» функционалы «Е-салық»бірыңғай қосымшасы әзірленді. Салық әмияны сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ пайдалана отырып немесе СМС код бойынша «Е-салық» қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті. Сондай-ақ мобильді қосымшаға ЖСН/ пароль және жылдам қол жеткізу коды бойынша кіруді баптауға болады. Жеке тұлғаның және жеке кәсіпкерлердің ...

Read More »

ҮШЕМ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округі,  Бескетік ауылының тұрғыны Асылзада Айнабекқызы дүниеге үшем алып келді.  Туманың үшеуі де ұл бала. Бүгінде ана мен оның балаларының денсаулықтары жақсы, бірқалыпты- деп хабарлайды «Мақтаарал ақпарат». Асылзада Айнабекқызы жүктілігінің 35-ші  аптасында  Түркістан қалалық периниталды  орталығында сәбилерін ота арқылы дүниеге әкелді. Алғаш туылған кезде  сәбилердің салмақтары  2600, 2400, 2500 грамм болған. Осылайша жас отбасының көптен күткен ...

Read More »

ФУТБОЛ АҢЫЗЫ ДА ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ…

Әлемдік футбол тарихында өзіндік із қалдырған, Аргентинаның ұлттық мақтанышы – Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрек талмасынан кейін қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.  Осы жайға орай Аргентина президенті елде 3 күндік аза тұтуды жариялады.  Сондай-ақ, ол өз Твиттерінде «Сен бізді әлемнің шыңына көтердің. Сен бізді шексіз бақытқа бөледің. Сен бәрінен де үлкен едің. Бар болғаныңа рақмет, Диего! Біз ...

Read More »

«БАБАЛАР ҮНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жуырда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа арнаған Жолдауы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Бабалар үні» эпостық жырларды жатқа айту байқауы өткізілді. Этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін және мемлекеттік тілді насихаттау, талантты ...

Read More »

НАРЫНҚОЛДА 40-ТАН АСТАМ ҮЙ БЕРІЛІП, БІРНЕШЕ ҒИМАРАТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алматы облысы, Нарынқол ауылы. Бүгін 40-тан астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар,  “Азаматтарға арналған үкімет” жəне аудандық прокуратура ғимараттары іске қосылды. Бұл игілікті шаралар облыс əкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өтті, – деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі. Облыс басшысы Райымбек ауданына барған сапарын алдымен нарынқолдықтарға тұрғын үйдің кілтін беру қуанышынан бастады. Бұл 33 үй – Нарынқолда салынып жатқан ...

Read More »

УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ПАНДЕМИЯ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТТІ

«ADALBILIM» алаңында «Университеттердегі цифровизация» тақырыбы бойынша тікелей эфир өтті. ҚР БҒМ қарасты «ADALBILIM» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, білім саласы бойныша сарапшылар қатысып, жоғары білім саласындағы цифрландыру мәселесін талқылады. КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалымжан Құдайбергенов пандемияға жоғары оқу орындары әр түрлі деңгейде дайын болғанын айтады. Дегенмен университеттер соның арқасында дамудың дәстүрлі тәсілдерін ...

Read More »

48 HOUR FILM RACE ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Алматы, 2020ж. 20 қараша – Бесінші «48 сағатта кино түсіру» байқауы Орталық Азияның жаңа бастаған және тәжірибелі кинематографистері арасында жоғары сұранысқа ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Байқау ұйымдастырушылары 300-дің ішіндегі үздіктер, яғни Топ-48 финалист фильмді таңдады. Ал желтоқсан айында жеңімпаздардың атын жариялауды жоспарлап отыр. Жаһандық пандемияға қарамастан, жыл сайынғы «48 сағаттық кино түсіру» байқауының өзектілігі азайған емес. АҚШ-тың Қазақстандағы ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАН ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІНІҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША СЕРІКТЕСІ БОЛДЫ

      Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) пен Израиль мемлекетінің Ұлттық Кибердиректораты (INCD) арасында киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.      Қол қою бейнеконференц-байланыс режимінде өтті. INCD директоры  Игаль Унна және МТҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек тұлғасында екі тараптан басшылық құрамнан басқа Израиль мемлекетіндегі Қазақстан Республикасы елшілігінің өкілі Сатыбалды Бұршақов қатысты. ...

Read More »

ҚОС НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ОЗАТ АУДАН

Түркістан қаласында  өткен «Алтын күз – 2020» салтанатты шарасында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановқа өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттаудан және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалаудан озат аудан номинациялары бойынша марапат табысталды-деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мақтаарал ауданында 2020 жылдың 10 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 43,8 миллиард теңгеден асты. Мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның басым ...

Read More »

USAID ОНЫНШЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ САУДА ФОРУМЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗЕДІ

16 қараша 2020 жыл – Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) ұйымдастыруымен оныншы жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумы басталды.  Бұл сауда форумы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өңірлік сауданы дамыту мақсатындағы халықаралық іс-шара. Бес күндік форумда Ауғанстан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан елдерін қосқанда жалпы 39 елден ...

Read More »