8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мақтаарал ауданында мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде аталды. Алдымен аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Сәрсекбаев бастаған ауданның жастары Мырзакент кентінің орталық көшесінде әжелер мен аналарға, қыз-келіншектерге гүл шоқтарын таратты. Бақыт Насырханұлының шынайы ықыласы гүл алған жандардың көңілін көтеріп, көктемгі жайма-шуақтың лебін сезіндірді. Шара ...
Read More »ЭКОНОМИКАМЫЗДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕР БАР
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2021 жылдың қаңтарында кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 2269030 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,5% құрады. Ауыл шаруашылығы. 2021 жылдың қаңтарында Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ...
Read More »АРАМСОЯУ (САРЫ ШЫРМАУЫҚ)
Арамсояу – шырмауық тұқымдасына жататын біржылдық тоғышар (паразиттік) арамшөп. Сабағы сары түсті, жіп тәрізді, жуындығы 0,8 мм. Бұл арамшөптің тамыры мен жапырағы болмайды. Өзіне керекті қоректік заттарды басқа өсімдіктердің сабақтарына жабысып сорып алады. Арамсояу тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Тұқымның ұзындығы 0,9-2,0 мм, ал ені 08,-1,5 мм. Арамсояудың бір өсімдігі 20 мыңға дейін тұқым береді. Топырақта ...
Read More »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ
Қазақстан Республикасы ауылшарушылық министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы 3 мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысады. Атап айтқанда: Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру. Мерзімі: 1 жұмыс күн ішінде тек электронды түрде. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру. Мерзімі: 3 жұмыс күн ішінде қағаз және электронды ...
Read More »МӘҢГІЛІК АЗАТ ЕЛ БОЛАЙЫҚ
Биыл егемен ел атанғанымызға 30 жыл толады. Тәуелсіздік күні – халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсап күткен аса қастерлі, жалпыұлттық мерекесі. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының қаншама ауыр күндерді бастан кешкен бәрімізге белгілі. Ұлан байтақ жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын сақтау, Тәуелсіздігімізді баянды ету біздің қастерлі борышымыз. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі ...
Read More »ҚОҒАМНЫҢ ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Бүгінде кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы және сол елдің қол жеткізген оң жетістіктерін жоққа шығаратын, мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін ең қатерлі құбылыс. Сол себепті де, онымен әлемнің барлық елдері өздеріне тән тәсілдермен күресуде. Қазақстан Республикасының да мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен жан-жақты күресу ...
Read More »АУДАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сайлаудан жеңіп шыққан Тұрғанбаев Ербол Шүренбайұлы аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін, Мақтаарал ауданына қарасты Мақтаарал ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов жаңа басшыны округтің активіне таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тілесе, округтің белсенділері жаңа әкімнен көп үміт күтетіндерін айтып, оған қолдау білдірді. Ербол Шүренбайұлы 1967 ...
Read More »МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы аясында құрылған «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы – Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы негізінде мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады. Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің ...
Read More »ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗДАР
Мақтаарал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Электрондық лицензиялау» ақпараттық жүйесінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алу бөлігінде жүргізілген өзгерістер туралы хабарлайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 түрі көрсетілген: 1) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру ...
Read More »«DIGITAL ALMATY 2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
5-ші ақпанда Алматыда «Digital Almaty 2021 — Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» халықаралық форумы болып өтті. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл іс-шара онлайн форматта өткізілді. Форумның ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен делегациялар басшыларының: Дүниежүзілік Экономикалық форумның президенті Берге Бренденің, Google вице-президенті Винт Серфтің құттықтау сөзімен (онлайн-қосылу және бейнехабарлама арқылы) басталды. Форум шеңберінде «Пандемия кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздікке сын–қатерлер» ...
Read More »