Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АҚ ХАКЕРЛЕР EGOV.KZ ОСАЛДЫҚТАРЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АҚ ХАКЕРЛЕР EGOV.KZ ОСАЛДЫҚТАРЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

АҚ ХАКЕРЛЕР EGOV.KZ ОСАЛДЫҚТАРЫН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

         ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) қызметкерлері электрондық үкіметтің 50-ге жуық осалдығын жедел анықтап, жойды. Бұл туралы 10-нан астам елдің киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз зерттеушілерінің  Bug Bounty ұлттық платформасын іске қосу қорытындылары бойынша белгілі болды.
           Бүгінгі таңда «ҰАТ» АҚ-да ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі заманауи құралдары енгізілді және қолданылады, оның ішінде 24/7 режимінде кибершабуылдардан сенімді қорғауды қамтамасыз ететін ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы жұмыс істейді. Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар санының өсуі ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қорғалуы мен тұрақтылығынына қойылатын талаптардың артуымен қатар жүреді.
          Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ сервистер мен қосымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұттық бағдарламасы —  Bug Bounty бағдарламасына қосылды. Бұл жүйе электрондық үкімет ресурстарының киберқауіпсіздігін қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
          «Күн сайын мыңдаған ақпараттық жүйелер, соның ішінде мемлекеттік органдар хакерлердің шабуылына ұшырайды. Біз үшін электрондық үкімет деректерін қауіпсіз сақтау және қорғауды қамтамасыз ету маңызды. Ынтымақтастықтың арқасында біз жүйелеріміздің қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып қана қоймай, өз ресурстарымызды үнемдейміз»,- деп атап өтті деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
         Айта кету керек, өткен жылдың желтоқсан айында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мұсин мемлекеттік органдарға арналған Bug Bounty бағдарламасының іске қосылғанын хабарлады. Сол кезде жабық тестілеу аясында зерттеушілерден ғаламтордың қазақстандық сегменттің басым бөлігіне әсер етуі мүмкін маңызды осалдықтар анықталды.
           «Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, ірі IT-компаниялардың Bug Bounty бағдарламаларына қосылуы компанияның киберқауіпсіздікке мән беріп, оны өз тұтынушылары үшін ашық екендігін көрсетеді. «ҰАТ» АҚ мемлекеттік сектордан бірінші болып ұлттық Bug Bounty бағдарламасына қосылды, біз бұл шешіміне қуаныштымыз және қолдаймыз, өйткені бұл ақпараттық жүйелерді қорғауға деген көзқарастың жетілдігін көрсетеді»,-деп «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ  Президенті Олжас Сатиев бөлісті.
Анықтама үшін: 
          Bug Bounty –бұл компания сыйақы алу үшін бағдарламалық жасақтаманы осалдықтарды тексеру үшін үшінші тарап киберқауіпсіздік сарапшыларын тартатын арнайы бағдарлама. Бұл бағдарламаныGoogle, Facebook және Mozilla сияқты компаниялар пайдаланды және қосымша қауіпсіздік мамандарын жалдау құнын үнемдей отырып, олардың жүйелерін сенімдірек етті. Ұлттық Bug Bounty платформасының операторы Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік қызметтерінің көшбасшысы  — TSARKA.
         «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
          Қоғаммен байланыс басқармасы
 www.nitec.kz
          Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
  Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз:
Динара Мажитова
press@nitec.kz
+7 (7172) 701665 ВН 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...