«Астана кештерi» ХI халықаралық өнер фестивалінің алғашқы концертінде ерекше музыкалық туындының премьерасы өтті. Француз композиторы Пьер Тиллуа жазған қобыз бен скрипкаға арналған «Бақсы сиқыры» атты жаңа музыкалық шығарма барша өнер сүйер қауымды тәнті етті. Екі ішекті аспап – қылқобыз бен скрипканың қайталанбас дуэтін тыңдармандар жоғары бағалады. Әлемдік премьераны Франциядан келген қобызшы Айгерим Ерсаинова-Шустер ...
Read More »АРДАГЕР ШАБАНДОЗДАР БАС ҚОСТЫ
Қасиетті Рамазан айының бүкіл жер дүниенің мұқым мұсылманын мәртебе биігіне көтеріп, көл көңілдерін теңіз етіп, шат-шадыман шалқар шаттыққа бөлеген Ораза айтының екінші күнінде – киелі Келес өңірінің Көбек ауылы атырабындағы көркем бір келісті қырқасында, күнгейдің мәдени тарихына тағылымды таңбасын түсірердей керемет кездесу ұйымдастырылды. Өткен ғасырдың соңғы отыз-қырық жылында қалың Қазақия былай тұрсын, орасан Орта Азия ...
Read More »АЛМАТЫДА «ВЕНА БАЛЫ» ФОРМАТЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ӨТТІ
Бүгін Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті. «Zerde» мектебінің 15 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шараға 400 оқушы қатысты. Мектептің негізін қалаушысы Гаухар Нұрованың айтуынша, жақында тағы бір қазақ тілді заманауи жаңа мектеп ашылады. «Zerde» мектебінің ашылуына тұңғыш баламыз әсер етті. Оны Алматыдағы жекеменшік мектептердің ...
Read More »ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Жуырда кітапханамыздың оқу залында Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерейтойына орай, «Береке» жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты ерлік сағаты өткізілді. Бұл іс-шарадан көзделген басты мақсат – жас буынды адамгершілікке, Отанды сүюге, кез-келген сәтте сыртқы және ішкі жаулардан қорғауға баулу, оған деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие ...
Read More »ҚАРАҒАНДЫДА «ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Қарағандыда 15 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күні аталып өтті. 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жобасы таныстырылған болатын. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 15 мамыр күні – Аяулы қазақ қыздары күні болып белгіленді. Бұл күні қазақтың батыр қызы, ұшқыш Хиуаз Доспан өмірге келген. ...
Read More »ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «REJISSER. DRAMATURG. START-2022» РЕЖИССЕРЛІК ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨТЕДІ
16-22 мамыр аралығында Алматыда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық «Rejisser. Dramaturg. START-2022» режиссерлік лабораториялық жобасы өтеді. «R.D.S» жас режиссерлер мен драматургтердің шығармашылық байланысын нығайту, олардың заманға сай идеялары мен жаңаша көзқарасын қалыптастыру және қазақ театр саласында ...
Read More »АЯУЛЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҚАДІРЛІ ӘЛЕУМЕТ! 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 15 мамыр күні – Аяулы қазақ қыздары күні болып белгіленген. Бұл күні қазақтың батыр қызы, ұшқыш Хиуаз Доспан өмірге келген. Қазақ қыздары жайлы сөз қозғағанда жадымызға ...
Read More »Ш.ДІЛДӘБЕКОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Ұлы Жеңістің 77 жылдығы аясында соғыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері Шаблан Ділдәбековты еске алуға арналған Халықаралық турнир бастау алды. Жетісай Мәдениет Спорт Бөлімінің (аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі) «Jetisay Sport Cluby» КММ ұйымдастыруымен бастау алған байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Кадырбек пен аудан прокурорының орынбасары Максат Ералиев, Zhetysai Politsia басшысының орынбасары ...
Read More »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ
Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстың ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы (бұдан әрі — Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау, Орта Азия мен Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың ісі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты ...
Read More »ҮКІЛЕГЕН ҮМІТТЕРІМІЗ
Ағымдағы жылдың 18 тамызында қабырғасының қаланғанына 30 жыл толатын ҰҚК Шекара қызметінің төл мерекесіне дайындық толассыз жүріп жатыр. Шекара аймақтарында сенбіліктер өтіп, ағаш егу акциялары жалғасуда. Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай қолға алынған әрбір шара, жетістіктер мен жеңістер – шекарашылардың төл мерекесін ұлықтай түседі. Бүгін ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінде ...
Read More »
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
