Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАРАҒАНДЫДА «ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАРАҒАНДЫДА «ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ҚАРАҒАНДЫДА «ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

      Қарағандыда 15 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күні аталып өтті.
       2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жобасы таныстырылған болатын. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 15 мамыр күні – Аяулы қазақ қыздары күні болып белгіленді. Бұл күні қазақтың батыр қызы, ұшқыш Хиуаз Доспан өмірге келген.
        Атаулы күнді белгілеудегі мақсат қазақ қыздарының қоғамдағы және отбасы институтындағы маңызды ролін, сондай-ақ қазақ ұлтының сақталуы мен ұрпақ тәрбиесіндегі орнын жастарға насихаттау. Осы атаулы күнге орай «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Qazaq club»-ның ұйымдастыруымен қаламыздың Орталық саябағында «Қыз өссе – елдің көркі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында клуб мүшесі, зейнеткер Сәкен Сәбиденұлы жиналғандарды осы атаулы күнмен құттықтап көпшілікке жүрекжарды тілегін жеткізді. Сонымен қатар ақын Мұхтар Шахановтың ел жұртшылығына арнаған құттықтауы оқылды.
           Халық ақыны «Қазақ халқы «Қыз өссе, елдің көркі» деп қыздарын аялы алақанға салып, әлпештеп өсіріп, оларға ең асылын аманаттап, Отанасы деп құрметтеген. Бар білгені мен өмірлік тәжірибесін ұрпақтар сабақтастығы арқылы бере білген дана халқымыз қыз баланы болашақ аяулы жар, қадірлі ана, Отағасының сенімді серігі, ұлт құндылықтарын бойына дарытып соны өскелең ұрпаққа жеткізетін ерекше жаратылыс иесі деп қадір тұтқан. Ел мен елдің арасын жалғайтын «Қыз бала — жат жұрттық» деп туғанынан ерек тәрбие беріп, ең асылы мен қымбаттысын қыз баланың бойына дарытуды мақсат тұтқан қазақ қоғамының бұл әрекетінде осы арқылы ғасырлар бойы ұлттың замана желіне төтеп беріп өмір сүруін және жат жерге ұзатылар болашақ ананың тәрбиесін көретін кейінгі ұрпақтың сол елдің текті азаматы болып, түбінде халыққа қызмет етуін қалаған ақ тілегі жатса керек» — деп атап өтті.
          Бұдан кейін мерекелік концертте қаламыздың жас өрендері жиналған көрермендерге өз өнерлерін паш етті. Олардың ішінде Сайдағали Әлинұр «Айжан қыз» күйін, Еркем-ай шығармаларын, Аманжолова Мадиана және Құсан Салтанат «Анамның ақжаулығы», Сләмбек Дильназ флейтада «Андансина» шығармасын, Мәди Ойрат Алашұлы тобының «Батырлар ұраны» әнін, Қанатов Ертөре «Қайдасың», Рақымжанқызы Айбике «Аяулы анашым», Шандор Оспан «Адай», Сағындықов Думан «Еркесылкым» күйлерін орындап халықтың ыстық ілтипатына бөленді. Сонымен қатар мерекелік шарада қаламыздың зейнеткер ұстазы, спортшы, қазақ қыздарының ішінен шыққан тұңғыш велошабандоз Бижамал Жексенбіқызы қазақ қыздарын төл мерекелірімен құттықтады.
        Шара соңында мерекелік концертке қатысқан жас өрендер «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Ұлы Қазақ елінің тарихы» атты тарихи анықтамалығымен марапатталды. Ұйымдастырушылар осымен қатарынан 3 жыл ұйымдастырылып келе жатқан бұл атаулы күннің қазақ қыздарының ең асыл қасиеттерін паш ететін халықтық мерекеге айналатынына сенім мол дейді.
Кенжегүл МАХАШ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...