Home » PRESS RELEASE » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «REJISSER. DRAMATURG. START-2022» РЕЖИССЕРЛІК ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨТЕДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «REJISSER. DRAMATURG. START-2022» РЕЖИССЕРЛІК ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨТЕДІ

         16-22 мамыр аралығында Алматыда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық «Rejisser. Dramaturg. START-2022» режиссерлік лабораториялық жобасы өтеді.
        «R.D.S» жас режиссерлер мен драматургтердің шығармашылық байланысын нығайту, олардың заманға сай идеялары мен жаңаша көзқарасын қалыптастыру және қазақ театр саласында жаңа драмалық шығармалар мен драматургтердің артуына себепкер болуды көздейді.
        Аталған жобада ресейлік және қазақстандық театр режиссерлері бірлесе қазақстандық жас драматургтердің пьесаларымен жұмыс істейді.   Сондай-ақ, «R.D.S» аясында Ресейден шақыртылған атақты театр қайраткерлері Орта Азияның (Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің) театр өкілдеріне арнайы оқыту бағдарламасын ұсынбақ.
        Жобада ресейлік атақты театр режиссері, «Современник» театрының көркемдік жетекшісі және режиссері, МХАТ мектеп-студиясының профессоры Виктор Рыжаков жетекшілік етеді. Сонымен қатар, драматургия бағыты бойынша белгілі драматург, «Золотая маска» жүлдесінің номинанты Олжас Жанайдаров, режиссура бағытында «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «StarTDrama» театр лабораториясының негізін қалаушы әрі жетекшісі, танымал режиссер Фархад Молдағали куратор болады.
        «R.D.S» барысында қазақстандық жас театр қайраткерлерінің: режиссерлер, актерлер, театртанушылар мен театр суретшілерінің, драматургтердің білімін жетілдіру үшін аранйы шеберелік сыныптары, пікір алмасу, талдау-талқылау жұмыстары ұйымдастырылып, бірлескен режиссерлік жоба негізінде жарыққа шыққан қойылымдардың (спектакль эскиздерінің) көрсетілімдері өтеді.
       Жобаға қатысу үшін таңдалған пьесалар:
  • «What’s up, пятый “Б”?» Айнұр Кәрім;
  • «Грехопадение свинки Пеппы» Нұрайна Сәтпаева;
  • «Туған күніңізбен, анашым!» Әлішер Айтуар;
  • «Жолаушы, қария және ит» Тоқтарәлі Таңжарық;
  • «Пони» Қолғанат Мұрат;
  • «Әлия» Альмира Исмаилова;
  • «Дилфизо и Донада» Ольга Малышева
      Пьесалар бойынша спектакльдердің эскизін Мәскеуден келген жас режиссерлер: Карина Бесолти, Дмитрий Курочкин, Дмитрий Соболев, Никита Щетинин, Елизавета Минаева, Юрий Шехватов и Ринат Ташимов жасайды. Ресейлік әріптестермен бірге қазақстандық режиссерлер де эскиздердің қосалқы режиссерлері ретінде қатысады.
       16 мамыр күні, сағат 14.00-де Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу залында Халықаралық «Rejisser. Dramaturg. START-2022» режиссерлік лабораториялық жобасының ашылуы өтеді.
 Байланыс үшін:
РИЗА ШАЙҚАҚ,
Т.Жүргенов академиясы баспасөз қызметінің басшысы.
8-747-873-6685,  87754934896 (WhatsApp).

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...