Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚОҒАМДЫҚ МОНШАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚОҒАМДЫҚ МОНШАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ҚОҒАМДЫҚ МОНШАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

          Монша адамның жуынуы үшін арнайы жабдықталған орын. Қазіргі таңда заманауи жеке элиталық, жабық, VIP моншалар ашылып, жұмыс жасауда.Монша көпшілік шомылу орны болғандықтан, жұқпалы тері арқылы берілетін ауруларды алдын-алу үшін міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, жұмыс жүргізу маңызды.
          Мақтаарал аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудан аумағында орналасқан тұрмыстық қызмет (монша) көрсететін кәсіпкерлерге ҚР ДСМ-нің  2022 жылғы 26 шілдедегі №67 бұйрығы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының талаптарын орындау қажеттігін ескертеді.
            Моншалар жеке тұрған ғимараттарда орналасуы тиіс. Монша салуда ылғалға, температураға, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдар пайдаланылуы қажет. Моншаның үй жайларындағы жиһаздың үстіңгі қабаты тегіс, ылғалды жууға болатын және дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге төзімді болуы керек.
            Маңызды:
            -моншаны таза ұстау, кәріз траптарының бітелуіне және еденде лас судың жиналуына жол бермеу;
            -жуынатын бөлмедегі шылапшын, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар ыдыс, тазалау құралдарын, щеткаларды, шүберектерді дайындау;
            -шылапшын, ваннаны дезинфекциялау және сумен жуу;
            -әрбір келушіден кейін резеңке аяқ киімді фунгицидтік әсері бар дезинфекциялық құралдармен өңдеу;
            -бумен қыздыратын бөлмені қоспағанда, моншадағы бөлмелерді қоқысқа арналған урналармен қамтамасыз ету;
            -моншаның жуыну-шайыну орындарында кір жууға және оны кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттарды сақтауға жол бермеу;
            -дезинфекциялық ерітінділерді олардың атауы, мөлшері және дайындалған күні көрсетілген ыдыстарда, дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, белгіленген мөлшерде дайындап сақтау;
            Монша қызметкерлері арнайы киімде болуы қажет, алдын-ала жұмысқа қабылданған кезде және белгіленген тәртіппен мерзімді медициналық тексеруден өтуі керек.
            Моншаға қай уақытта бармаған дұрыс?
            -артериялық қысым жоғары көтерілген уақытта, жүректің ишемиялық ауруының асқынуында. Бумен қыздыратын бөлмеде жүрек-тамыр жүйесі ең көп жүктеме алатын болғандықтан, бұл тромбоздың, инфарктың немесе инсульттің дамуына әкелуі мүмкін;
            -жақында жасалған операциядан кейін, өйткені қан кету немесе тромбоз ықтималдығы жоғары;
            -бронх демікпесі ұстамасында;
            -бүйрек және несеп тас ауруларында, өйткені тердің көп шығуына байланысты кіші дәреттің пайда болуын азайтады;
            -тері ауруларында:қышыма, іріңді бөртпе, вирустық аурулар және басқалар;
            -дене температурасы жоғары болғанда, бұл жағдайдың нашарлауына әкеледі.
Б.МЫҢБОСЫНОВ,
Мақтаарал аудандық  СЭББ-ның бас  маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...