Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БҰҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БҰҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ

БҰҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ

        Дәуірлер қиылысында заман құбылып, әлем тәртібі өзгеріп келеді. Оны өзгертуші – адам. Қазіргі таңда адамдар тәрбиені – бұқаралық мәдениеттен алады. Ал ол болса техниканың жетістігіне сүйенеді. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кез-келген дүние тың ақпараттың көзі болып есептеледі және ол ақпарат адам санасына тікелей әсер етеді.
       XX-XXӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты болды. Баспасөз құралдарының (газет-журнал, теледидар, радио, ғаламтор, кітап және т.б.) басты мақсаты жаман мен жақсыны айыру, әділдікті айту, адамзатты тәрбиелеу, оқу-білімге, еңбек етуге, салауатты өмір сүруге үндеу, қоғамды сақтау, ұлттық құндылықты құрметтеу. Адам өмірі үшін – су, қуат көздері қаншалықты маңызды болса, ақпаратта соншалық мәнділікке айналды. Бірақ сол қабылдап жатқан ақпараттыңбізді дұрыс тәрбиелеп жатқанына сенімдіміз бе? Отандық телеарналарымыздың негізгі контенті жаңалықтардан тұрады.  Рейтингісі жоғары отандық телеарналарда басқа бағдарламаларды қоя тұрғанда жаңалықтардың өзінде көптеген қателіктерді байқаймыз. Айтылатын кейбір сөйлемдер мүлдем түсініксіз, құлаққа түрпідей естіледі. Тілшілеріміздің сөз қолданысындағы кейбір қателіктерге назар аудармауы халықтың құлағына үйреншікті болып қалыптасып тілдік қасиетімізден айырылуға алып келмесіне кім кепіл?
        Отандық тележұлдыздар «сахналық образ» деп таныстырып жүрген ұлттық құндылығымыздың дәрежесін түсіретін көріністері де мәдениетімізді құрдымға алып барады. Дәстүрімізге жат мәдениет арасында көпір салып, азғындықтың іргетасын орнатып жатыр.
       Бүгінгі күнге дейін газет-журналдар қоғамда тіл мәдениетін қалыптастырып қана қоймай жетілдіріп келді. Бүгінде ешкім газет оқымайтындығы себепті интернет газеттер орныққан. Ал бұл көпшілік мамандардың пікірі бойынша тіл мәдениетін құрдымға әкеледі деген пікір туғызды. Қоғамда көпшіліктің, әсіресе, жастар мен олардың іздерінен өкшелеп келе жатқан оқушылардың басым бөлігінің бастары әлеуметтік желіде қауышады. Өйткені қазір көбі соған байлаулы. Заман өзгеріп, адамдар смартфондардан бір елі ажырай алмай қалған қоғамдақалыпты құбылыс ретінде танылып отыр. Мамандар болса мұндай үрдістің соңы қазақы тәрбие мен ұлттық нақыштың ұмытылуына алып келеді дейді.
        Заман талабына сәйкес жастар қазір далада асық ойнап жарыспайды, тик-ток түсіріп рейтинг жинап жарысады. Ондағы бей-берекетсіздіктің жыры бір төбе. Уақыттың көп бөлігін алатын әлеуметтік желілілердің адам санасын бос ақпараттарға толтырып, тың дүниелерге орын қалдырмай бара жатқандай.Заманның талабына сай боламыз деп адамдық атымызға нұқсан келіп жатқан секілді.
        Әсте, адам –  бір бос жаратылыс емес, ол рухани кемелдік иесі болмақ.  Қазірде қайда барсаң да, рухани жаратылыс екеніңнен ешқандай да игілік көрмейсің. Керісінше, «қазір басқа заман, адамдарды барынша пайдалан»,-деген стереотип толық қалыптасқандай. «Кез-келген қасиетті заттың қадіріне жетпесең, киесі ұрады»,-деген түсінікке салсақ, адам болмысын қорлау қауіпті болып шықпай ма? Ендеше адам болып дүние есігін ашқан соң, адам болып қалу үлкен жауапкершілік екенін сезінуіміз қажет.
      Қорыта айтқанда, бұқаралық мәдениеттің адам өміріне келтірер пайдасы да, зияны да бар. Кез келген дүниені ақылға салып оң солын ажыратып қарай білсек адамның хақ жолдан адаспасы анық.
Г.БЕКЖАН, теолог-маман.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...