Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТЕМІРЕТКІ – ТЕРІНІҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТЕМІРЕТКІ – ТЕРІНІҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫ

ТЕМІРЕТКІ – ТЕРІНІҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫ

         Теміреткі – ауру адамнан адамға, ауру үй жануарлар мен жабайы жануарлардан адамға жұғатын терінің жұқпалы ауруы. Мақтаарал ауданында былтырғы жылмен салыстырғанда аурушаңдық 5 жағдайға өскен. Аурушаңдық қаңғыбас ит пен мысықтардан жұқтырған, 14 жасқа дейінгі балалар арасында көптеп кездесуде.
        Кеселдің қоздырғыштары қарапайымдар тобына жататын — саңырауқұлақтар. Терінің ылғалдылығы аурудың қоздырғыштары үшін қолайлы қоректік орта болып табылады. Теміреткімен науқастанған адамның немесе жануардың түскен терісі, шашы, түгіндегі аурудың қоздырғыштары бірнеше жылға дейін қатты аяздарда да, аптап ыстықтарда да өмір сүруге бейім келеді.
        Аурудан кейін залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда бөлменің шаңында, науқастың киімдерінде, бас киімдерінде төсек орын жабдықтарында, ойыншықтарында және басқа да науқас пайдаланған заттарында аурудың қоздырғыштары өмір сүре береді. Шаштараздарда ауру адамға пайдаланған қайшы, тарақ, алмас, тырнаққа күтім жасау үшін арналған құрал- жабдықтар, сүлгілер талапқа сай залалсыздандырылмаған жағдайда ауруды жұқтырудың көзі болып табылады. Егер ауру адамнан кейін қырқылған шашты өртеп жібермесе ол да ауруды жұқтырудың бір көзі болып табылады.
        Бұл дерт көбінесе адамдардың бетінде, бастың шашты бөлігінде, мойындарында, қолында, яғни дененің ашық жерлерінде кездеседі. Сонымен қатар, киім жауып тұратын бөліктерінде де жиі кездеседі.
        Ауру жұқтырған күннен бастап 2-3 аптадан кейін аурудың белгілері басталады. Алғаш белгілері диаметрі 0,3-0,5 мм көлемінде басталатын таңғылдақтар ақшыл қабыршақтанып, үлкейіп, әр түрлі формалы болып келеді. Науқас аздап қышуды байқайды. Зақымданған тері қызарып, кейде іріңдейді. Іріңдеу көбінесе бастың шашты бөлігінде кездеседі. Бастың шашты бөлігінде теміреткі шыққан жағдайда науқастар ем қабылдап жүріп, жұқа мақтадан тоқылған орамал тастамау қажет. Теміреткі денеге шыққан жағдайда киім-кешектерін, төсек-орнын міндетті түрде залалсыздандырып отыру қажет.
        Науқас адаммен киім алмастырып киюге болмайды және де қарым-қатынастағылардың барлығы 30 күнге дейін қадағалауға алынады. Дер кезінде емделмесе ауру созылмалы түріне ауысуы мүмкін. Жұқпалы тері ауруларынан сақтанғыңыз келсе, өзіңіздің және жақындарыңыздың жеке бас гигиенасын сақтай біліңіз. 
А.ЕРЖИГИТОВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ-ның эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы.     

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...