Home » PRESS RELEASE » News » БҰЛ АУА-РАЙЫНЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІН КҮШЕЙТЕДІ

БҰЛ АУА-РАЙЫНЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІН КҮШЕЙТЕДІ

        2022 жылы мұхиттардағы судың температурасы – 1958 жылы тұрақты өлшеулер басталғаннан бері ең жылы болғаны белгілі болды. Себебі мұхиттар ауаға шығарылатын парниктік газдардың арқасында пайда болатын артық жылуды сіңіреді.
        1958 жылы басталған өлшеулер мұхит суының температурасының тұрақты көтерілуін 1990 жылдан кейін жеделдегенін көрсетіп отыр. Ал мұхиттардың Жер үсті суларының температурасы әлемдегі ауа-райына айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Егер мұхиттар жылы болса, бұл ауа-райының күрт өзгеруін күшейтеді, қарқынды дауылдарды тудырады, ауаны ылғалдандырады, нөсер жаңбыр, жағалауларға алапат су тасқынын әкеледі. Себебі, су жылынуы кезінде кеңейіп, теңіз деңгейі көтеріліп, жағалаудағы елді мекендерге қауіп төнеді.
        Соңғы деректер нақты жиналған кезде 2022 жыл – ауа температурасының жоғары болуы бойынша қатарынан төртінші немесе бесінші жыл болады деп болжануда, өкінішке орай алдағы уақыттарда мұндай  «антирекордтар» жалғасады деген қауіптер бар.
         Мұхиттардың температурасын талдайтын халықаралық ғалымдар тобы Жердің энергетикалық және су айналымы, адам өндіретін парниктік газдар шығарындыларымен түбегейлі өзгеріп, нәтижесінде жаһандық климаттық жүйеде үлкен өзгерістертер пайда болды деген қорытындыға келді. Миннесотадағы Сент-Томас университетінің зерттеу тобының мүшесі Джон Авраам мұхиттардың жылынуы келешекте ауа-райының күрт өзгеруіне әкеліп соқтырады, ал бұл жай бүкіл әлемде ауыр зардаптарға себепкер болады деп мәлімдеді. Зерттеу тобының тағы бір мүшесі, Пенсильвания университетінің профессоры Майкл Манн олардың талдауы мұхиттарға тереңірек енетін жылы су қабаттарын анықтағанын мәлімдеді. Бұл құбылыс дауылдардың күшеюіне себепкер, өйткені жел дауылдың күшеюіне тосқауыл болатын төменгі, суық су қабаттарын көтере алмайды.
        «Advances in Atmosphere Sciences» журналының ағымдағы санында жарияланған талдауда барлық мұхиттардағы бірқатар құрылғылардың деректері, сондай-ақ мұхит суларының жоғарғы 2 мың метрінің жылу құрамын есептеу үшін қытайлық және американдық зерттеу топтарының талдауларын пайдаланыпты. Себебі дәл осы аймақтарда ғаламдық жылынудың ең маңызды бөлігі орын алады.
        Өткен жылы мұхиттар бір жыл бұрынғыға қарағанда шамамен 10 зеттажоуль (ЗДЖ) жылуды көбірек сіңірген, бұл Жердің әрбір тұрғыны күні бойы бір тәулікте шаш кептіру үшін қырық шаш кептіргішті пайдаланатын энергия мөлшеріне сәйкес келеді екен. Ал 2022 жылдың қазан айында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) негізгі парниктік газдардың — көмірқышқыл газының, метанның және азот оксидінің атмосфералық концентрациясы рекордтық деңгейге жеткенін хабарласа, ДМҰ басшысы Петтери Таалас: «Біз дұрыс емес бағытта келе жатырмыз», – деді.
ReplyForward.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...