Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛМАТЫДА СОТТАЛҒАНДАР ҚАР ТАЗАЛАУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЛМАТЫДА СОТТАЛҒАНДАР ҚАР ТАЗАЛАУДА

АЛМАТЫДА СОТТАЛҒАНДАР ҚАР ТАЗАЛАУДА

         Биыл еліміздің барлық өңіріне де шамадан тыс қар жауды. Оңтүстік астана саналатын Алматы қаласында да қалың қар жауып, сарышұнақ аяз басталды. Оңтүстіктің жанға жайлы ауа-райына үйренген қала тұрғындары  үшін қатал қыс айтарлықтай қиындықтар тудыруда. Сонымен қатар  қалың қар, жол қозғалысына да кедергі келтіруде.
         «Алматы қаласының көшелерін қардан тазалауға коммуналдық қызметкерлермен бірге   сотталғандар да бір кісідей жұмылуда. Алматы қаласы Әуезов аудандық Пробация қызметінің бақылауындағы 10 сотталған және Наурызбай ауданынан 8 сотталған өздеріне бекітілген жұмыс учаскелерін тазалауға кірісті»-деп хабарлайды Алматы қаласы ҚАЖД баспасөз  қызметі..
        Қала әкімдігінің коммуналдық қызмет мамандарымен бірге  қар тазалауға шыққандар ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабы  бойынша сотталғандар. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады. Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқып жүрген сотталғандар, кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар  сотталғандар, сондай-ақ зейнет жасындағы сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.
        Қала көшелерін қардан тазалау барысында  пробация қызметкерлері сотталғандарға бас бостандығын шектеу жазасын заңға сәйкес өтеудің жеңілдіктері мен жаза өтеу тәртібін бұзудың зардаптарын да кеңінен түсіндіруде.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...