Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИНОСАММИТІНДЕ АЙТУЛЫ ТУЫНДЫЛАР КӨРСЕТІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИНОСАММИТІНДЕ АЙТУЛЫ ТУЫНДЫЛАР КӨРСЕТІЛУДЕ

ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИНОСАММИТІНДЕ АЙТУЛЫ ТУЫНДЫЛАР КӨРСЕТІЛУДЕ

        Түркияның Бұрса қаласында «Қорқыт Ата» түркі әлемінің фестивалі шеңберіндегі Түркі әлемі кино саммиті өтуде.
       Түркия Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, рухани байланыстарды нығайту, кино саласындағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ортақ жобалар жасау, кәсіби бірлікті арттыру.
       Түркия Республикасы Мәдениет және туризм вице-министрі Ахмет Мисбаһ Демирджан түркі журналистерге берген сұхбатында Түркі әлемі фильм фестивалі шеңберінде Кино саммиті, Фестивальдағы байқау жеңімпаздарын марапаттау, киноиндустрия саласындағы ортақ жобалард ақылдасу басты мақсат екенін айтты.
       Шараға түркі мемлекеттерінің мәдениет министрліктерінің өкілдері, продюсерлер, өнер қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Сонымен қатар Түркі әлемі фильм фестивалі шеңберінде Қазақстан киносының күндері өтіп жатыр.
       Шараға Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанна Қуанышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Сатаев, Азамат Сатыбалды, Жайдарбек Күнғожинов, Сатыбалды Текеев, продюсерлер Анара Қашағанова, Айгүл Байбек, Алмагүл Тілеуханова, Айгүл Черендинова, режиссер Бекарыс Елубай т.б. қатысуда.

 2022 жылдың 1 қарашасында басталған Түркі әлемі фильм фестивалі 6 қарашаға дейін жалғасады. Шетелдік көрермендер назарына «Дос-Мұқасан» көркем фильмін, «Мұқағали» өмірбаяндық драмасын, «Ұлы Дала Таңы» және «Ақ боз үй» тарихи таспаларын, «Еуразия билеушілері» деректі фильмін, «Мұзбалақ» анимациялық картинасын және Қазақстан мен Татарстан бірлесіп шығарған «Тарлан» картинасын ұсынылған.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...