Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БУРСАДА "ҚОРҚЫТ АТА" ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БУРСАДА «ҚОРҚЫТ АТА» ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

БУРСАДА «ҚОРҚЫТ АТА» ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

      1 қарашада Түркияның Бурса қаласында Түркі ұлттарының басын қосқан  II-ші «Қорқыт ата»  фестивалі  ашылды.
 
     Осы мәдени шараның мақсаты – киноөндірістердің көрермендермен инновациялық кездесуі, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ, киноөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту. кино өнері арқылы ортақ тарихи-мәдени және әлеуметтік құндылықтарды нығайту және байыту.
      Фестивалға  – Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен  200-ге жуық қатысушы қатысып отыр. Қатысушылар ішінде режиссерлар, актерлар, журналистер де бар.
      Фестивалде бақ сынауға Қазақстан тарапынан 8 фильм қатысуда. Олардың ішінде «Дос-Мұқасан» көркем фильмі, «Мұқағали» өмірбаяндық драмасы, «Ұлы дала таңы»  және «Ақ боз үй» тарихи таспалары, «Еуразия билеушілері» деректі фильмі  мен «Мұзбалақ» анимациялық картинасы,  Қазақстан мен Татарстан  бірігіп  түсірген «Тарлан»  картинасы  бар.
   Шараға –  Қазақстанның халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанна Қуанышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Сатаев, Азамат Сатыбалды, Жайдарбек Күнғожинов, Сатыбалды Текеев, продюсерлер Анара Қашағанова, Айгүл Байбек, Алмагүл Тілеуханова, Айгүл Черендинова, режиссер Бекарыс Елубай т.б. қатысуда.
     4 қарашада  Фестиваль аясында Түркі елдерінің мәдени астанасы Бурса  қаласында II дүниежүзілік түрік кино саммиті өтті.
      Түркия мәдениет және туризм министрі вице-министрі Ахмет Мизбаһ Демирджан, Бурса қаласының әкімі Алинур  Акташ сөз сөйлеп, ырзашылықтарын білдірді.
      Шарада сөз сөйлеушілер тарапынан, фестивальге қатысқан  киноларға ортақ дүние  түркі халықтарының мәдениеті екені аталып өтті.
    Саммит  барысында Тимур  Бекмамбетовтың режиссерлығымен бейнеленген  «Насреддин қожа («Қожанасыр»)» анимациялық мультфильмі жөнінде баяндама жасалынды. Анимациялық фильм 2024 жылы жарыққа шықпақ.
         Айзада СЕРІКҚЫЗЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...