Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІН БІРЛЕСІП ДАМЫТУҒА НИЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІН БІРЛЕСІП ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІН БІРЛЕСІП ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

        IT-саланы дамыту, түркі әлемінің бірлігін нығайту бойынша жаңа цифрлық бастамаларды енгізу мәселелері, IT-қоғамдастық алдында тұрған артықшылықтар мен сын-қатерлер Түркі Мемлекеттері Ұйымының хатшылығымен және ТМҰ-ға қатысушы елдердің цифрлық министрліктерімен өткен панельдік сессияда талқыланды.
       Панельдік сессия 28 қыркүйекте жыл сайынғы Digital Bridge – «Central Eurasia as a new tech platform»  – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде» халықаралық технологиялық форумы шеңберінде өткізілді.
        Панельдік сессияға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, ТМҰ Бас хатшысы Б. Әміреев, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары М. Азимов, Түркия Республикасының Индустрия және технологиялар министрі М. Варанк, Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Ш. Шерматов, Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік вице-министрі Ф. Ахмедов, ІТ-технопарктер мен технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты.
        Өз сөзінде Министр Б. Мусин аталған іс-шараның IT-қоғамдастық үшін маңыздылығын, түркі елдерінің өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастығын, атап айтқанда, озық тәжірибемен алмасу және цифрландыру саласында серпінді жобаларды құру үшін технологиялық компаниялардың серіктестік қатынастарына жәрдем көрсету арқылы орнату қажеттігін атап өтті.
       «Біз, әрине, ақпараттық қауіпсіздіктің және мемлекеттер қорғайтын деректерді таратпаудың барлық талаптарын ескере отырып, ақпараттық жүйелердің мемлекетаралық интеграциясы туралы салмақпен ойлануымыз қажет. Біздің түпкі мақсатымыз: азаматтарымыздың, бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара   іс-қимылын неғұрлым қарапайым және адамдарға бағдарланған ету болуы тиіс», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
        Өз кезегінде, ТМҰ Бас хатшысы Бағдад Әміреев ТМҰ-ның сауда мен инвестициялардан бастап кеден және көлік секторларында бизнес-қоғамдастықтар үшін көпжақты электрондық сауда платформасын құруға дейінгі барлық әлеуетті салаларда цифрлық трансформацияны ілгерілетуде өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша үлкен әлеуеті мен өршіл мақсаттары бар екеніне сенім білдірді.
       Іс-шара барысында ТМҰ-ға қатысушы елдердің цифрлық министрліктерінің басшылары цифрлық бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысқа деген ынтасы мен дайындығын көрсетті.
        Панельдік сессия барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ТМҰ хатшылығы арасындағы түркі елдерінде IT-саланы дамыту саласындағы ниеттер туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызмет.і

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР

        ...

ӨТ АУРУЫ

        ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...