Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МАҚТААРАЛДА ЭКО-СЕНБІЛІК ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МАҚТААРАЛДА ЭКО-СЕНБІЛІК ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА ЭКО-СЕНБІЛІК ӨТТІ

       Мақтаарал ауданында тазалық күніне (World Cleanup Day 2022) арналған дәстүрлі эко-сенбілік өтті.
       Аудан әкімінің аппараты бастаған ауданның дербес бөлімдері мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдіктері, дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мекемелердің қызметкерлері ауданның кіреберіс қақпасынан бастап Сырдария өзеніне дейінгі 10 км-ге жуық аралықты түгелдей күл-қоқыстан тазартты.
       Аталған аймақтағы А-15 автожолы — Мақтаарал, Жетісай аудандарының тұрғындарының Шымкент қаласына қатынайтын бірден бір бағыты. Жүк көліктері, қоғамдық көліктер мен жеңіл көліктер көп жүретіндіктен, жол бойында әсіресе сусындардың, спирттік ішімдіктердің бөтелкелері, темекенің қораптары сияқты ондаған жылдар бойы шірімейтін қалдықтар қаптап кеткен болатын.
      «Сіз тастаған сағыз тұрған жерінде 5 жылға дейін өңін бұзбай жатады. Ал пластикалық негізде өндірілген тауарлар 50-100 жылдың арасында, пластикалық құтылар және қаңылтыр банкалар 500, балық қармағының жібі 600 жылда жойылады. Сенбілік барысында негізінен осындай ұзақ жылдар бойы шірімейтін қалдықтарды тазарттық. Табиғи ортада ұзақ жылдар сақталатын қоқыстар ауаны ластап, нәтижесінде қатерлі ауру тудыратынын белгілі. Сондықтан, тазалық мәдениеттің көрсеткіші десек, Мақтаарал, Жетісай аудандарының тұрғындарын мәдениетті болуға шақырамыз!» — деді сенбілікке қатысушылар.
        Айта кетейік, эко-сенбілік барысында  1378 адам, 18 техника жұмылдырылып, 31 тонна күл-қоқыс шығарылды. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...