Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕЛОРДАЛЫҚ NIS ОҚУШЫЛАРЫ АХМЕТ АУЫЛЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЕЛОРДАЛЫҚ NIS ОҚУШЫЛАРЫ АХМЕТ АУЫЛЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

ЕЛОРДАЛЫҚ NIS ОҚУШЫЛАРЫ АХМЕТ АУЫЛЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

       NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары «Қоғамға қызмет» жобасы аясында Қарағанды облысы Ахмет ауылында саябақтарды қоқыстан тазалап, жалғыз басты зейнеткерлер мен еңбек ардагерлеріне көмек көрсетті.
      Ауылдың алшақтығына қарамастан аталмыш жобаға 170-ке жуық оқушы және 20-ға жуық педагогикалық құрам қызметкерлері белсене қатысты.
      – «Қоғамға қызмет» акция өте керекті жобалардың  бірі. Бес-алты сағат ішінде кішкентай ауылдың аумағын түгелдей тазалауға тырыстық. Ата-әжелердің батасын алып,  бір марқайып қалдық. Қызықты сапар көпке дейін көңілде қалары сөзсіз, – дейді NIS оқушысы Жалғас Тлеумұратин.
     Ұйымдастырушылардың айтуынша акцияның мақсаты өскелең ұрпақты адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсету, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және топтық жұмыс кезінде оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
      «Қоғамға қызмет» жобасы халықаралық бакалавриат бағдарласының маңызды бөлігі. Бұл жоба Дипломдық бағдарламаның негізгі үш компонентінің бірі ретінде 2013 жылы бастау алған.
     – Өткен жылдары бағдарлама аясында оқушылар Қарқаралы ұлттық паркіне (2015), Арнасайға (2017), Бурабайға (2016, 2017, 2018, 2019) барып, жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаға табысты көмек көрсетсе, биыл Ахмет ауылына саяхаттады, – дейді CAS координаторы Гүлден Қасымова.
      Ауыл-қала серіктестігі одан әрі жалғасын таба бермек. Алдағы уақытта С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебімен тәжірибе алмасу жоспарлануда.  
Асем БАТЫРБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...