Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ЖАҢА СТАДИОН САЛЫНЫП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ЖАҢА СТАДИОН САЛЫНЫП ЖАТЫР

ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ЖАҢА СТАДИОН САЛЫНЫП ЖАТЫР

        Аудан тұрғындары, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының қолдауымен Жетісай ауданында бірқатар ілкімді істер атқарылуда.
       Солардың бірі – Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елді мекенінде 2021 жылдың тамыз айында құрылысы басталған заманауи стадионның құрылыс жұмыстары.
        Өткен жылы жұмысты бастаған мердігер «Kazakh The-Stroy» ЖШС 2022 жылы да жұмысты кестеге сай сапалы жүргізіп келеді. Талапқа сай салынып отырған стадионда жүгіру жолы, көрермендерге арналған 500 орындық, жаттықтырушылар мен төрешілерге, медбикелерге арналған жеке кабинеттер, командаларға арналған киім ауыстыру мен жуыну бөлмелері, тіпті, салтанатты шараларды өткізуге арналған трибуна да қарастырылған.
        Сонымен қатар, өткен жылдың соңғы күндерінде Жетісай қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионынан футбол алаңшасы қолданысқа берілді. Алты айда ашылған аумағы 0,29 гектарды құрайтын алаңның құрылыс жұмыстарына аудандық қазынадан 30 млн теңге қаралған. Аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға толықтай мүмкіндік беретін аталмыш алаңда бүгінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ жасөспірімдері оқу-жаттығу және шұғылдану жұмыстарын жүргізуде.
        «Бүгінде ауданда орналасқан үш балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1500-ден астам жасөспірім 16 спорттық үйірмелерге қатысады. Одан бөлек, өткен жылы Жетісай ауданы әкімінің қаулысымен құрылған «Жетісай спорт клубы» КММ спорттың 8 түрімен 50-ге тарта ересек пен 700-ге жуық балалар мен жасөспірімдер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерімен шұғылдануда. Аталмыш клубта 18 жаттықтырушы мен елді мекендерде 13 спорт нұсқаушы жұмыс істеп келеді.
         Ендігі кезекте қала, кент, ауылдық округ аумағынан заман талабына сай спорт алаңдары мен «Strit workaut» алаңшаларын салу жоспарымызда бар» дейді Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев.
Айта кетейік, өткен жылы түрлі деңгейлердегі жарыстардан 407 алтын, 380 күміс және 523 қола медаль иеленген жетісайлық спортшылар, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 465 алтын, 347 күміс, 508 қола медальды қоржынға салған.
       Ауданда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде 60 мыңға жуық жетісайлық спортпен тұрақты түрде шұғылданушылардың қатарында. Бұл аудан тұрғындарының 34,5 пайызын құрайды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...