Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢДА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢДА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢДА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

          Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
         Бұған дейін Президент байланыс саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, интернет-байланыстың нақты параметрлерінің операторлар мәлімдеген параметрлерден айтарлықтай алшақтығы үшін жауапкершілікті енгізуді және қатаңдатуды тапсырған болатын.
         Аталған тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп, операторлардың пайдаланушыларға стандарттарға, техникалық нормалар мен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шараларды әзірледі.
        Енді заң бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК-ке айыппұл салады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл сомасы 200-ден 1500 АЕК-ке дейін өседі.
         Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізген талдау көрсеткендей, байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есе өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша министрлік 562 тексеру жүргізді (2020 жылы 51 тексеру, ал 2019 жылы 93 тексеру жүргізілді).
          Операторға қатысты байланыстың немесе Интернеттің нашар сапасына тексеру жүргізу үшін қазақстандықтар ресми өтінішті Телекоммуникациялар комитетінің (ЦДИАӨМ) не тиісті облыс министрлігінің аумақтық байланыс инспекциясының мекенжайына «электрондық үкімет» порталы, «Е-Оtinish» өтініштер беру жүйесі арқылы не қағаз түрінде жолдаулары қажет. Өтініште шағымның мәнін, байланыс операторының атауын және тексеру жүргізу қажет өтініш берушінің нақты мекенжайын көрсету міндетті.
         Өтінішті алғаннан кейін прокуратура органдарында тексеруді тағайындау туралы акт тіркеледі. Тексеру барысында көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы бойынша өлшеулер жүргізіледі. Операторға қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік хаттама жасалады және лауазымды тұлға белгілеген мерзімге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіледі.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...