Home » PRESS RELEASE » STEAM JasSpace: Атырауда жастар мен жасөспірімдерге арналған кеңістік ашылды

STEAM JasSpace: Атырауда жастар мен жасөспірімдерге арналған кеңістік ашылды

         Атырау қаласындағы Абай атындағы орталықта STEAM JasSpace жастар мен жасөспірімдерге арналған кеңістік ашылды.
         Атырау – 17 мамыр. Абай атындағы орталықта STEAM JasSpace жасөспірімдер мен жастарға арналған кеңістіктің ашылу салтанаты өтті.  Бұл шара «JasSpace: Атырау қ. жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Атырау облысы әкімдігі, Облыстық білім беру басқармасы, «Шеврон» компаниясы, және «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға орайластырылды.
Бағдарламаның мақсаты – JasSpace кеңістігінің айналасында STEAM бағыттары бойынша жастарды оқытуды қамтамасыз ететін және осы салалардағы кәсіптердің танымал болуына ықпал ететін экожүйені құру.

         Атырау облысы әкімінің орынбасары Таушов Нариман Бахытұлының айтуынша, бұл орталық ел мен қоғамның дамуында ғана емес, сондай-ақ кейінгі ұрпақтарды тәрбиелеуде де үлкен рөл атқарады. «Облыс әкімінің атынан, қоғам атынан «Шеврон» компаниясына осы орталықты құруға тікелей қатысқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Атырау облысының балалары мен жастары Абай орталығының JasSpace кеңістігінде жаңа технологияларды меңгереді және болашақта осы жоба аясында дайындықтан өткен жастар техникалық білімді қажет ететін аймақтың ірі мекемелерінің жұмысына ықпал етеді деп үміттенемін», – деп толықтырды Таушов мырза.
         STEAM JasSpace кеңістігі – бұл жастар мен жасөспірімдерге арналған инновациялық жобалар мен бағдарламалар алаңы. STEAM бойынша білім беру ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM – Science, Technology, Engineering, Art and Mathematics) сияқты салаларда бір уақытта дағдыларды дамыта отырып, оқытудың интеграцияланған және пәнаралық әдісіне негізделген.
         «Шеврон» компаниясы Абай атындағы орталықтың құрылысына қатысты. Енді орталықта STEAM білім беруді дамытуға көмектесу – біз үшін үлкен мәртебе. «Шеврон» бірқатар білім беру, кәсіби және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырады. Осындай бағдарламалардың бірі – STEAM JasSpace. Жоба Атырау қаласының жастары мен балаларына пайдалы болып, техникалық дағдыларға үйрететініне және заманауи еңбек нарығында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыратынына сенімдімін», – деп атап өтті «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесі басқарушы директорының міндетін атқарушысы Марк Пэйн.
         Бағдарлама «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асырылады және STEAM бағдарламасы бойынша мектеп оқушыларын оқытуды, сондай-ақ STEAM бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстары арқылы Атырау облысы педагогтерінің әлеуетін кеңейтуді қамтиды. Бағдарламаны Орталық Азияның Еуразия Қоры Абай атындағы орталығымен, Атырау облысының әкімдігімен және жергілікті ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.
      «Біздің Қордың міндеттерінің бірі – STEAM бағыттары бойынша Абай атындағы о рталықтың оқытушыларының біліктілігін, Атырау облысының жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің әлеуетін арттыру және Атырау облысының оқушылары мен жастарына STEAM бағыты бойынша қосымша білім беруді ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады», – деп атап өтті Орталық Азияның Еуразия Қорының директоры Ринад Темірбеков.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...