Home » Жаңалықтар » ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

2021 жылдың 20 желтоқсанында Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестігінде, отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына ұйымдастырылған «Еркін сөз»-2021 байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында өткізілетін «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.
«Биылғы жылдың ерекшелігі: мәңгілік мекенге ерте аттанған әріптес аға-әпкелеріміздің атындағы арнайы сыйлықтардың тағайындалуы. Қазақ журналистикасының дамуына орасан зор үлес қосқан журналистер туралы арнайы бейнематериал дайындадық. Сондай ақ, 8 журналиске Аманхан Әлім, Қуандық Шамахайұлы, Жолдасбек Дуанабай, Бақытгүл Мәкімбай, Бейсен Құранбек, Амангелді Сейітхан, Айнұр Сыдықова, Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлықтар табыстадық», – деді Қордың Президенті Нәзия Жоямергенқызы.
«Еркін сөз»-2021 байқауында «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» номинациялары бойынша 11 жүлдегер болды. Әр аталым бойынша тағайындалатын Бас жүлде – 500 000 теңге.
Байқауға Мақсат Халық, Анар Төлеухан, Есей Жеңісұлы, Дина Елгезек, Құралай Қуатова қазылық етті.
«Еркін сөз»-2021 байқауының жеңімпаздары қатарында
«Үздік мақала» номинациясы бойынша
Бас жүлде «Түркістан» газетінің тілшісі Еркежан Айтқазыға бұйырды.
«Үздік телесюжет» номинациясы бойынша
Бас жүлдені «Қазақстан» арнасының тілшісі Амангелді Сейітхан мен
«Сайттағы үздік мақала» номинациясы бойынша
Бас жүлдені «Ult.kz» сайтының тілшісі Ақбота Мұсабекқызы алды.
Ынталандыру сыйлықтары бойынша Аманхан Әлім атындағы арнайы сыйлықты «Ақ желкен» журналының тілшісі
Балжан Мұратқызы,
Қуандық Шамахайұлы атындағы арнайы сыйлықты «Біздің Қостанай» газетінің тілшісі
Сералы Мырзабай,
Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлықты «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі
Фархат Әміренов,
Бақытгүл Мәкімбай атындағы арнайы сыйлықты «Қазақ үні» газетінің тілшісі Гүлмира Садықова,
Сыдықова Айнұр Ұлықпанқызы атындағы арнайы сыйлықты «Жас Алаш» газетінің тілшісі
Қарлығаш Зарыққанқызы,
Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлықты kaznews.kz сайтының тілшісі
Айбала Нұрлан,
Бейсен Құранбек атындағы арнайы сыйлықты “Алматы” телеарнасының тілшісі
Мерей Қанапиянов,
Амангелді Сейітхан атындағы арнайы сыйлықты “Еуразия” телеарнасының тілшісі
Нұрай Құрақпай иеленді.
Түркітілдес журналистер қоры – 2014 жылы 11 қарашада құрылған. Мақсаты – түркі әлемі мен қазақстандық журналистер арасындағы кәсіби бірлігі мен білігін арттыру, ортақ жобалар жасау. Отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен журналистерге арналған семинар-тренингтер, вебинарлар, форумдар, шеберлік сабақтары, конференциялар, байқаулар ұйымдастыру.
“Еркін сөз”-2021 байқауы жеңімпаздарының материалдары www.ttjk.info сайтына жарияланады.


Түркітілдес журналистер қоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...