Home » Жаңалықтар » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында партия жанынан ашылған қоғамдық кеңестер «Ашықтық пен әділдік – қазіргі күннің басты талабы» ұстанымын ұстана отырып, билік пен қоғам арасындағы байланыстың дәнекері болуға, мемлекеттік органдар жұмысының жүйелі де, нәтижелі болуына, сол арқылы қоғамдық кеңестердің маңызын арттыруға баса мән беріп, жоспарлы түрде жұмытар жүргізіп келеді. Атап айтатын болсақ, соңғы тоқсанда, яғни 13 қазан күні өткен «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі» аймақтық кеңесінің отырысы болып, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Күн тәртібінде «Балалардың интернат мекемелерінде тұруы мен оқу жағдайлары туралы анықталған проблемаларын және әрбір интернат бойынша мәслелерді шешу жолдарын талқылау» мәселесі бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «интернаттардың күрделі және ағымдағы жөндеуіне қажетті қаражат көздерін шешу жолдарын қарастыру және күрделі және ағымдағы жөндеудің мерзімдері мен қаражат мөлшерін көрсете отырып, аймақтық қоғамдық кеңеске ақпарат беру» туралы ұсыныстар айтылды.
Үстіміздегі жылдың 24 қарашасы күні «Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, күн тәртібінде «Облыстағы барлық мектептерді химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен кезең-кезеңімен жабдықтау мен жаңарту» және «Оқыту сапасын жақсарту, дуалды оқыту қағидаттарын енгізу арқылы ТжКБ түлектерін 77,6 %-ға дейін жұмыспен қамту» туралы екі мәселе қаралды. Нәтижесінде, қоғамдық кеңес мүшелері облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына: «Облыстағы барлық мектептерді химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен кезең-кезеңімен толық жабдықтау мен жаңартуды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар жасау, сайлауалды бағдарламасының 79, 80 және 73, 74, 75, 76, 77, 78 тармақтарының толық орындалуын қатаң бақылауға алу, облыста оқыту сапасын жақсарту және дуалды оқыту қағидаттарын енгізудің тиімді де, сапалы жақтарын жалғастыру мен ТжКБ түлектерін жұмыспен қамту мәселесін қатаң бақылауына алу, 2022 жылы жоспарланған Жол қартасындағы білім сапасын арттыру мақсатындағы индикаторларға қол жеткізу үшін тиісті қаржы мәселесін шешуді қатаң бақылауда ұстау» туралы ұсыныстар айтылды.
26 қараша күні өткен «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі» аймақтық қоғамдық кеңесінде де екі мәселе: «Облыстық және аумақтық деңгейлерде жұмыспен қамтуды дамыту жөніндегі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын орындау жөніндегі жол карталарын іске асыру» және «Еңбек» бағдарламасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке қоныс аударушылардың проблемалық мәселелері» қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына: «Облыстық Жол картасының «Мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 39,8 мың жаңа жұмыс орнын ашу, оның 16-мыңы тұрақты, орташа жалақысы 149,4 мың тенгеге дейін арттыру» туралы 12 тармағында көзделген индикаторларға қол жеткізуді қатаң бақылау алу және жыл соңына дейін орындалуын қамтамасыз ету, «Еңбек» бағдарламасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке көшкендердің санын үстіміздегі жылдың 30 желтоқсанына дейін анықтау» туралы ұсыныс берілді.
30 қараша күні өткен «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысында төрт мәселе қаралды. Алғашқы мәселеде кеңес мүшелері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын талқылап, пікір алмасса, екінші мәселеде Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының «Әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерін ұштастыра отырып ұлттық мәдениетті дамыту, өткені мен бүгінгінің өзара үндестігін сақтау, дүниежүзілік мүсіндеме саласындағы жетістіктерін бейнелеу бағытында атқарып жатқан жұмыстары, Түркістан қаласына қойылған мүсіндемелердің ұлттық мәдениетті дамыту саласындағы жетістіктерін бейнелеудегі мәні мен сапасы жайлы есебі тыңдалып, нәтижесінде облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына: «Түркістан қаласын түлету үшін Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялық дамуының 4 бағыт-ұстанымын сәулет пен құрылыс саласында басшылыққа алу, қаланы сәулеттендіру саласында шығыстық үлгіні қолдануды қолға алу; қала ішіндегі, мекеме-кеңселер алдындағы және Қ.А.Исауи кесенесі маңындағы автотұрақтар проблемасын шешу, оларды заман талабына сай қайта жабдықтау, көше бойлары мен түрлі ғимараттардың маңдайшаларындағы жазуларды мемлекеттік тілде жазу, сауатты жазу және қала сәулетіне сай жазу, қала орталығына орналасқан екі тауыс құсының кескіні қаламызға сай келмеуіне байланысты, рухани астанаға сай келетін, қалаға кіріп келгенде көзге ерекше көрінетін қаланың өзінің нышаны болатын, қалаға ерекше көрік беретін руханилық символын білдіретін ұлттық мүсін қою, сондықтан архитектуралық көркемдік кеңес қаламның өзіндік символын жасауды қолға алу, қалаға қойылатын мүсіндерді архитектуралық көркемдік кеңестің талқысынан өткеннен соң барып қана қою мәселесі қолға алу, көркемдік кеңестің жұмысына «Miras» қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, ұсыныс-пікірлері тыңдау» туралы ұсыныс айтты. Үшінші мәселеде «Ұлттық жәдігерлер мен мәдени мұраларымызды ұрпаққа жеткізу мақсатында Қ.А. Иасауидың қабірін жапқан ескі кілем жабындысын сақтап, қазақы өрнекпен тігілген қабіржапқышын дайындау барысындағы зергерлер мен қолөнер шеберлерімен жүргізіліп жатқан жұмыстар» туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» МКҚК-ның есебі тыңдалды. Талқылау қортындысында кеңес мүшелері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне: «Қ.А.Исауидің көне қабіржапқышының көшірмесін жасап, қазақы өрнекпен тігілген жаңа қабіржапқышын дайындау мақсатында тарихшылар, реставраторлар, дизайнерлер, зергерлер, қолөнер шеберлері мен облыс әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ғылыми-әдістемелік кеңес құрып, отырысын өткізу; көне қабіржапқышты қалпына келтіру, қайта жаңғырту мен жасау жұмысын бастамас бұрын XIV-XV ғасырлардың бірегей артефактісі болып табылатын ортағасырлық жәдігерге мұқият ғылыми зерттеу және зерделеу жұмыстарын жасап, тиісті оптикалық-физикалық зерттеуден өткізу» туралы ұсыныстар берілді. Күн тәртібіндегі төртінші мәселеде Түркістан облыстық П.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының «Облыстағы көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды жинақтау мен сақтау мәселелері жайлы» хабарламасы тыңдалды. Талқылаудан соң кеңес мүшелері әмбебап-ғылыми кітапхана ұжымына: «Қолжазбаларға реставрация, консервация, кітаптарға дезинфексия жасауға арналған лаборатория жабдықтары мен құрылғыларын алу үшін тиісті орындарға хат жазу; «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі кітаптар мен қолжазбаларды сақтап отырған мамандармен байланыса отырып, факсимиле-көшірмелерін алу және бірге жұмыс істеу бағытында жоспарлар жасау; облысты көне жазбалар мен сирек кітаптарды сақтап, реставрация жасайтын мамандармен қамтамасыз ету; еліміздегі және шетелдердегі жазба дүниелерімізді бір орталыққа жинақтау, БАҚ беттерінде дәріптеу; ел тарихын айқындайтын бұлтартпас дереккөздерді зерттеуші қауымға қолжетімді етіп, тарихымыздың кейбір ақтаңдақ беттерін қайта жазуға мұрындық болу іс-шаралары қолға алу; облыс көлемінің әр жерлерінде сақтаулы тұрған мұраларды бір орталыққа топтау, Түркістанда Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығын ашу; тарихымыздағы әр кезеңінің құнды дерегі болатын шетелдік қорлардағы сирек кітаптардың көшірмелерін жасауды қолға алу; Ұлттық орталықта офлайн және онлайн ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстел мен конференциялар, облыстық. республикалық және халықаралық көрмелер мен ғылыми-көпшілік, тарихи-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру, еліміздің белді ғалымдары, зиялы қауымы, мемлекет қайраткерлері мен сала мамандары, жастар мен оқушыларды қатыстыру; Ұлы дала елінің рухани дамуына сүбелі үлес қосуы үшін шығыс жазба мұраларын зерттейтін шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен, сондай-ақ Ислам тарихын, мәдениетін, өнерін зерттеу ғылыми орталығы, Санкт-Петербургтегі Шығыс қолжазбалар институты, Астан Кудс Резави, Матенадаран көне қолжазбалар институты, Беруни атындағы шығыстану институты сияқты қызмет бейіні ұқсас мекемелермен іскерлік және ғылыми байланыстар орнату; қолжазбаларды жинап, сақтап қана қоймай, оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу, түпдеректерді оқу, аудару, ғылыми айналымға енгізу, каталогтау мәселесін қолға алу» туралы міндеттер мен ұсыныстар айтылды.
2 желтоқсан күні өткен «Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» аймақтық қоғамдық кеңестің Жетісай ауданындағы көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде: «Nur Otan» партиясының Мақтаарал ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасындағы медицина саласына қатысты индикаторлардың орындалуы» және «Nur Otan» партиясының Жетісай ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасындағы медицина саласына қатысты индикаторлардың орындалуы» туралы екі мәселе қаралды. Отырыс барысында Мақтаарал мен Жетісай аудандық ауруханаларының бас дәрігерлерінің баяндамалары тыңдалды. Талқылау қортындысы бойынша Жетісай аудандық орталық ауруханасына: «аудандық орталық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу бағытындағы жұмыстарды жандандыруға; орталық ауруханасына қарасты «Қарой» және «Баққоныс» ФАП-терінің құрылысын қаржыландыруды қарастыру; жыл сайынғы 240 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыру мақсатында жұмыстарды әрі қарай жүргізу; коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын әрі қарай жүргізу» туралы ұсыныстар берілсе, Білім мен ғылымды дамыту және денсаулық жөніндегі аумақтық кеңес төрағаларына: «Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтуіп жатқан 17 нысанды аудандық, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бақылау жұмыстарын жалғастыруға; Жол картасы аясында жоспарланған медицина нысандарының құрылысына тиісті қаржының бөлінуін, құрылыс нысандарын сапала материалдарымен салынуын, бөлінген қаржылардың тиімді және мақсатты игерілуін бақылауда ұстауға; аудан/қалаларда темекі өнімдерін сататын дүкендерде салынатын айыппұл және темекінің барлық түрлерін сатуды ашық көрсетуге тыйым салуды сақтау, темекі мен темекі бұйымдарын жарнамалаудың барлық түрлеріне тыйым салынғанын түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топтың жұмыстарын жандандыру; құрылысы жүріп жатқан медициналық нысандарға мониторинг жүргізуді жандандыру және бақылауда ұстау» туралы міндеттер жүктелінді.
Қорыта айтқанда, қоғамдық сананың қозғаушы күшіне айналып отырған қоғамдық кеңестер маңызды мәселелерді көтеріп, облыс жұртшылығына салиқалы әңгіме айтып, салмақты пікірлер мен ұтымды ұсыныстарға қозғау салып, байсалды бастамалар көтеріп келеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық
филиалы Саяси жұмыстар бөлімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...