Home » Жаңалықтар » ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ҚҰРДАС ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА «ТОЛАҒАЙ» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ҚҰРДАС ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА «ТОЛАҒАЙ» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «С.Сейфуллин» атындағы №52 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шынықсаң шымыр боласың» атты ТОЛАҒАЙ эстафеталық сайысы болып өтті.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сұңғат Амангелдиев, аудандық мәслихат депутаттары Рүстем Наматуллаев пен Айбек Сұлтанмұратов, Хадиша Қожбанова мен Ғазиза Шүкірбаева, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ғалымжан Боранбаев қатысқан спорттық-топтық сайыс бұл жолы оқушылар емес, ұстаздар арасында өтті.

Негізгі мақсаты жас ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып олардың жұмыстан тыс уақыттарында бой сергітулеріне жағдай жасау, топтасып жұмыс жасауға дағдыландыру, артықшылығын ұғындыру, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, жетістіктерін кеңінен насихаттау болып табылатын сайысқа Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан 7 жалпы орта мектептен 7 команда қатысты.

Жарыс «Сәлемдесу», «Кедергілерден өтіп, шар жару», «Қаппен жарыса секіру», «Секіртпемен жүгіру», «Ұзындыққа секіру», «Кір тасын көтеру» және «Арқан тартыс» секілді бөлімдерден тұрды.

Спортпен үнемі айналысып, ұрпағының қамын ойлаған адам ғана қоғамның толыққанды белсенді мүшесі болмақ. Бұл тұжырымға тартысты өткен сайыс барысында толық көз жеткіздік. Өйткені, 7 бөлімнен тұратын сайыстың алғашқы кезеңдерінен бастап жеңіске деген жігері мен үлкен дайындықтарын көрсете білген командалар көрермендердің құрметіне бөленді.

«Бұл сайысты өткізудегі негізгі ойымыз – жас мұғалімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау, ел Тәуелсіздігінің қасиетін ұғындыру болып табылады» дейді «С.Сейфуллин» атындағы №52 жалпы орта мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Ғазиза Шүкірбаева.

Салауатты өмір салтын ұстанған жас отбасылар арасындағы сайыста жеңіске жетіп, ептілік танытқан 301 ұпаймен «С.Сейфуллин» атындағы №52 жалпы орта мектебі І орынды иеленсе, ІІ орын 299 ұпаймен «М.Мақатаев» атындағы №47 жалпы орта мектебінің, ІІІ орын 280 ұпаймен «Р.Қошқарбаев» атындағы №50 жалпы орта мектебінің командаларына бұйырды. Ал, ІV орынға 268 ұпаймен «Сырдария» атындағы №49 жалпы орта мектебі, V орынға 245 ұпаймен «Дәуір» атындағы №51 жалпы орта мектебі, VІ орынға 244 ұпаймен «Қ.Сәтпаев» атындағы №48 жалпы орта мектебі табан тіресе, VII орын 200 ұпай жинаған «Ә.Қастеев» атындағы №46 жалпы орта мектебі ұстаздарының еншісіне тиді.

««Спорт – денсаулық кепілі» деген қағиданы берік ұстанған ұстаздар бұл сайысқа жақсы дайындықпен келіп, жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Мұндай сайыстарды ұстаздар арасында жиі өткізіп тұруды жөн көріп отырмыз. Өйткені, саламатты ұрпақ тәрбиелеуде салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор.
Ерекше айта кететін жәйт – бүгінгі жарысқа қатысушылардың басым көпшілігі Тәуелсіздіктің құрдастары» деген Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық, дене шынықтыру пәндерінің әдіскері Ғалымжан Боранбаев алдағы уақыттарда «Толағай» топтық сайысын округ мектептері арасында, жеңімпаздарын аудандық деңгейде жүздестіру жоспарда бар екенін айтады.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен өзге де қатысушылар ұйымдастырушылар тағайындаған кубоктар мен дипломдарға, бағалы сыйлықтарға, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевтің алғыс хаттарына ие болды.

Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...