Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Б.ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 10 ҮЙДІ СЫЙҒА БЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » Б.ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 10 ҮЙДІ СЫЙҒА БЕРДІ

Б.ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 10 ҮЙДІ СЫЙҒА БЕРДІ

           Кәсіпкер-меценат, мемлекет және қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қоры мақтааралдықтарға 10 үйді сыйға берді. Аудан әкімі Бақыт Асанов баспаналы болған отбасыларды қуанышымен құттықтап, үйлердің кілттерін табыстады.
          «Әрбір отандасымыздың баспаналы болғанын көру — мен үшін үлкен қуаныш. Бүгін Болат Өтемұратов қорының атынан Сіздерге баспана кілттерін табыстап отырмыз. Бұл үйлердің барлығы да жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатындағы кезекте тұрған азаматтарға берілді. Сондықтан, жаңа шаңырақта тек қана өсіп-өніп, бақытты өмір сүрулеріңізге тілектеспін!» — деді Бақыт Насырханұлы.
          Аталған үйлер Мырзакент кентінің жаңа мөлтек ауданында орналасқан. Былтыр Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін алғашқылардың бірі болып Болат Өтемұратов қоры 6  миллион АҚШ долларын бөліп, апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасыға үй салып берген болатын. Міне, сол үйлерден артылғандары үй кезегінде тұрған отбасыларға беріліп отыр.
           Бұған дейін дәл осы Мырзакенттің жаңа мөлтек ауданынан құрылысы аяқталған 16 тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға коммуналдық арендалық мақсатта берілген еді. Бұдан бөлек, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 417,9 миллион теңге қаржыға аудан аумағындағы көпбалалы аз қамтылған және тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға 50 үй берілді. Осылайша биылдың өзінде 76 мақтааралдық отбасы мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қорлардың есебінен баспаналы болып отыр.
         Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...