Home » Әлеумет » АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАҚ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАҚ

            2018 жылдан бері өршіп келе жатқан бұл дауға Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Бәйбектің де қатысы бар болып шықты. Себебі ол  әкім болып тұрған уақытта, осы даулы  қаулыға қол қойған екен.

            Жер аумағы,  «ТКМ» ЖШС-на жиырма жылдан бері жер пайдаланушы құқығы бойынша тиесілі болған. Қазіргі дау сол «ТКМ» ЖШС-ның жерді пайдалану  артықшылығы туралы өрбуде. Ол келісім Алматы қаласы  әкімшілігі мен «ТКМ» ЖШС-і арасында  2015 жылдан бастап тоқтап, екінші тарапқа атап айтқанда ЖШС  «Almaty GPS»ке    берілген. Бұның себебін, Алматы қаласы сәулет және құрлыс басқармасының мәлімдемесі бойынша құжатта  былай деп түсіндіреді; «Алматы қаласының әкімдігінің 2016 жылдың  31науырызындағы  №1\110 қаулысына сәйкес, басым бөлігі Қарасу өзенінің су қорғау аймағында (зона) және басым бөлігі, зират орналасуы санитарлық қорғау аймағында  (ҚР ҚНж  Е 3.01-01-2002* 5.5)». Осындай санитарлық талаптарға сай келмейді». Ал, қазіргі кезде жерді пайдалану құқығы «Almaty GPS» ЖШС»-не тиесілі. Бұл ЖШС  бұл жерге болашақта жиһаз фабрикасын салуды көздеп, сметасын қалалық сәулет басқармасынан өткізіп қойған.  Бір қызығы «ТКМ» ЖШС өте алмаған «санитарлық» талаптардан,  «Almaty GPS» ЖШС-і қалай өтіп кеткені белгісіз.
          «ТКМ» ЖШС-нің заңды өкілі Жәмиля Туленованың айуына қарағанда  «ТКМ» ЖШС-і, Бауыржан Байбекті үшінші тұлға ретінде сотқа шақырған.   Өйткені, қаулыға қол қойған – Б.Байбек болатын. Б.Байбектің қол қойған қаулысында қандай заң нормалары бұзылғанына назар аудартқан. Алайда, Алматы қаласының  судьясы Қазымбетова өз ұйғарымымен, Б.Байбекті үшінші тұлғалар қатарынан шығарып тастаған. «Бұл да заңсыз, өйткені, азаматтық процестік кодексте ондай норма жоқ. Сот өзі шақыра алады. Ал талапкердің шақырған адамын қатысушылар санатынан шығара алмайды»-дейді Ж.Туленова.
         Бақытжан Базарбек, «ТКМ» ЖШС-нің заңгері:
        «2019 жылы бір қаулымен «ТКМ» ЖШС-ға уақытша жер пайдалану құқығын ұзатпай, мерзімін тоқтатады да, уақытша жер пайдалану құқығын «Almaty CPS» мекемесіне береді. Бір қаулымен ғана. Бұл заң шеңберінен тыс дүние.
         Екіншіден, Жер кодексінің 37 бабына сәйкес, жалға алу шартын кейінгі мерзімге ұзарту туралы мәселе, Жер комиссиясында қаралмайды. Жер кодекесінің 37 және 43 баптарына сәйкес, ол әкіммен тікелей қаралуы тиіс. Бірақ, Жер  қатынастары басқармасы заңсыз түрде Жер кодексінің 37, 43 баптарын бұза отырып, оны Жер комиссиясының қарауына шығарады. Шындығында, 2017-2020 жыл аралығында 80-ге жуық жерді жалға алу мерзімін кейінге ұзарту мәселесі, Жер комиссиясында қаралған. Алматы қаласының 2017-2020 жылдар аралығындағы Жер комиссиясында қаралған барлық арыздар және материалдар қайта қаралып, тексерілуі тиіс.
          Үшіншіден, Жер кодексінің  43 бабында нақты жазылған. Егер қандай да бір құрылыс нысанын салатын болса, бұл мәселесі Жер кодексінің 44/1 бабымен ретеледі. Яғни, заңның өзі бұл баппен емес, 44/1 деген баппен берілетінін айтып тұр.
            Одан кейін инвестициялық жоба бойынша, Жер кодексінің 48 бабымен, жерді сауда-саттықсыз беріп отыр. Бірақ, елімізде инвестициялық жобаларға жер беру ережесі қабылданбаған. Біз құзырлы органдардан, министрліктен арнайы анықтама алдық. Бұл жерде тиісті комитет нақты жауап берді. Инвестициялық жобамен берілетін жер үшін арнайы аумақтық координациялық кеңестің рұқсаты болуы тиіс. Бірақ, Алматы әкімдігі «Almaty CPS-ке»  жерді берген кезде координациялық кеңестен өткізбеген, қаралмаған. Ол туралы әкімдіктің өзі тиісті құжаттарын берген. Одан бөлек, инвестициялық жоба үшін жер берудің тиісті ережесі керек. Ондай ереже дайын, бірақ заңмен қабылданбаған, республикалық деңгейде. Демек, әкімдіктер инвест жоба үшін жер беруге құқығы жоқ.  Бірақ, Алматы қаласы әкімдігі Жер кодексінің 48 бабы бойынша, инвест жоба үшін жер беріп отыр. Бұл Қазақстан бойынша бірінші жағдай. Оның өзі үлкен дау тудырып отыр»
        Үш жүзге жуық кәсіпкерді нанынан айыруға кімдер мүделі екен деп  «Almaty GPS» ЖШС-і кімге тиесілі екенін зерделеп көрмек болдық. Осы жылдың наурыз айында кәсіпкерлерді даулы базарға айналған «Рахат» базарынан шығармақшы болғаны елдің есінде. Сол шудың арасында  «Almaty GPS» ЖШС-нің Ахметов Саламат Қуатұлына тиесілі екені айтылып қалды. Ғаламтордағы мәліметтер бойынша С.Ахметов, Жезқазған қаласының тумасы, құрлыс саласы бойынша  жеке кәсіпкер, Нұрсұлтан қаласының мәслихат депутаты.
          РS.  Барахолка аймағына кіретін «Рахат» базары бүгінде  жұмысын тоқтатқан жоқ, кәсіпкерлер ай сайынғы тауарлық кірістің салығын уақытында төлеп келеді. Жоғарыда айтып өткендей жер пайдалану құқығы  «Almaty GPS» ЖШС-не тиесілі.  Олар қай уақытта құрлысты бастайды, үш жүзге жуық кәсіпкерді қашан далаға қуып шығарады? Ол жағы белгісіз, белгілісі «Рахат» базарынан кеткенде, кәсіпкерлерге  басқа жер телімі берілмейді.
Аида ҚОЖМАМБЕТОВА.
 
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...