Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БАР ӘЛЕМДІ КӨРЕМІН ЖҮРЕГІММЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БАР ӘЛЕМДІ КӨРЕМІН ЖҮРЕГІММЕН

БАР ӘЛЕМДІ КӨРЕМІН ЖҮРЕГІММЕН

            Тағдырдың жазуымен жанарынан айрылған азаматтар біздің қоғамда аз емес. Көру мүмкіндігі шектеліп, күні өзгеге қарап қалған зағип жандардың 13-қараша халықаралық зағиптар күніне орай. Жетісай ауданы мәдениет үйінде «Бар әлемді көремін жүрегіммен» атты мерекелік кеш болып өтті. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан олардың тірлігі қиындыққа толы. Дегенмен, денсаулығым жарамайды деп, қол қусырып, қарап отырған олар жоқ. Шамасы келгенше қоғамдық шараларға қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, қоғамнан шет қалмай ел мен бірге етене араласып жүрген жайлары бар.

         Күн сәулесін бір сәтке болса да көру – зағиптар үшін өмірдегі баға жетпес, ең асыл арман. Айналасындағыны тек сипау арқылы ғана сезіп, көкірек көзімен көруден басқа қолдан келер қайран жоқ. Алайда, олар — жазмыштың жазғанына жасымайтын қайсар жандар. Сол қасиеттерінің арқасында өмірге деген ынталары арта түспесе, еш кеміген емес. Көптен бері көріспеген зағип жандар бір-бірімен қауышып, бір марқайып қалды.
           «Бұл басқосудың басты мақсаты зағип жандардың сау адамдармен тең құқылы екендігін сезіндіру. Көзі көрмейтін немесе нашар көретін азаматтарға қоғамда тең құқылы екендіктерін ұғындырып жігерлендіру болатын. Аталмыш жиынға олар бізге басқалар аяушылық танытсын деп келмеген. Қайта, денсаулық жағдайларына қарамастан, қолдарынан іс келетіндігін дәлелдеген жандар. Осы санаттағы азаматтарға ұдайы көмек көрсетілетін болады» деді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков.
         «Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Өздеріңіз білетіндей Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Президентіміз Қасым-жомар Тоқаевтың биылғы жолдауларында мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөліп қоғамдағы орындарын айқындау жайында айтып келеді. Осы күні «Жетісай ауданы зағиптар қоғамына» 153 адам тіркеуде тұр. Олардың 95-і бірінші топтағы, 58 адам екінші топтағы мүгедектер санатына кіреді. Бұлардың ішінде 86 -сы ер азаматтар болса, 67-сі әйел азаматтар, 18 адам бала жастан мүгедек болып табылады. Қамкөңіл жандардың көңілін аулау үшін алдағы уақытта осы тәріздес іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұратын болады.» деді Жетісай ауданы жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.
            Іс-шара барысында аудандық зағиптар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтияр Сары атқарған жұмыстарының есебін беріп алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде аудан атқа мінерлері көру мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілер есебінен бір реттек сый-сияпат жасап, және жомарттық танытқан жандарды аудан әкімінің атынан алғыс хатпен марапаттады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...