Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҒИБРАТТЫ ЖИЫНДА ӨНЕГЕЛІ ӨСИЕТ АЙТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҒИБРАТТЫ ЖИЫНДА ӨНЕГЕЛІ ӨСИЕТ АЙТЫЛДЫ

ҒИБРАТТЫ ЖИЫНДА ӨНЕГЕЛІ ӨСИЕТ АЙТЫЛДЫ

              Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Президент стипендиясы мен «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Оразбайұлы Тазабеков Мақтаарал ауданының Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен кездесті.
               Округ орталығындағы «Ы.Алтынсарин» атындағы жалпы орта мектебінде өткен жиынға ауыл ақсақалдары мен ауыл билері, 29 жасқа дейінгі округ жастары, округ әкімі Нұрғали Елшібаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сүндет Кенжебаев қатысты.
               Басқосу барысында күллі алашқа азаматтығымен, адамгершілігімен, имандылығымен танылған Мұзхамеджан Оразбайұлы жастарға адалдық, отбасы құндылықтары мен ерлі-зайыптылардың ара қатынасы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәселелері, ата-ананың перзент алдындағы міндеті мен перзенттің ата-ана алдындағы парыздары жайында кеңінен сөз қозғады.
             «Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Дәстүрлі дінімізде де, халық ауыз әдебиетінде де неке мен отбасының маңыздылығы туралы көп айтылған. Некелесу ерге де, әйелге де белгілі бір жауапкершіліктерді жүктейді. Ер адам отбасының асыраушысы, ол әйелі мен балаларын материалдық және рухани тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті. Ал, әйелдің міндеті – күйеуіне бағыну, өзін күнәлі істерден сақтау, ерінің тапқанына иелік ету. Мұсылман отбасында ерлі-зайыптылардың міндеттері мен орны ертеден белгіленіп, діни және ұлттық салт-дәстүрмен бекітілгендіктен олардың отбасы баянды бола алады» дейді Мұхамеджан Тазабеков.
            Ғибратты кездесуде қоғамның басты тірегі саналатын отбасының шаңырағы шайқалса ұлттық, рухани және адамгершілік құндылықтардың, жүректегі жылылықтың әлсірейтіндігі, ұлттық кодын аяқ асты еткен қай қоғамның да көп ұзамай бордай тозатындығы тілге тиек етілді. Сондықтан, жас ұрпақтың жүрегіне иман нұрын ұялатып, күш-қуатын байыта білу бүгінгі қоғамның алға қойған басты міндеттерінің бірі екендігін айтады жиынға қатысушылар.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...