Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
66 ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » 66 ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

66 ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

               «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 9050 адам қамтылуы керек болса, 9 айда бұл көрсеткіш 8616 адамға жетіп, қазірдің өзінде жыл жоспары 95,2%-ға орындалды. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізген аудан әкімі Б.Асанов мәлімдеді.
                Қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту бойынша 2021 жылы 150 адамды,  техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 173 адамды оқыту жоспарланып, қазіргі таңда жоспар орындалуда. Сондай-ақ,  «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде оқуға 301 адам жолданып, жалпы 523 азамат кәсіпкерлік негіздеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың иегері атанды.
              Қоғамдық жұмыс орындарына 2306 адам жолданып, оның 33 тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 830 адам жолданып, оның 8 тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, жастар практикасына 596 адам тартылды.
             Мақтаарал ауданы аумағында Мырзакент кентін  ұлғайтуға арналған 160 гектаржер телімі ішінен  құрылысы аяқталған 16 тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға коммуналдық  арендалық мақсатта берілді. Бұдан бөлек, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 417,9 миллион теңге қаржыға аудан аумағындағы көпбалалы аз қамтылған және тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға 50 үй берілген. Осылайша биылдың өзінде 66 мақтааралдық отбасы мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналы болып отыр.
            Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек аудан аумағынан 1,8 млрд. теңгеге 3 қабатты 36 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржы бөлдіруге ұсынылды.
            Айта кетейік, Мақтаарал ауданында тұрғын үй кезегінде 1423 адам есепте тұр. 
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...