Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТАҒЫ БІР СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ТАҒЫ БІР СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТАҒЫ БІР СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

          Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округінің орталығы Жалын ауылында кіші футболға арналған ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Аталған спорт нысаны төртінші деңгейлі бюджеттің есебінен іске қосылып отыр. Бұған дейін осы окургтегі Жамбыл ауылында да дәл осындай спорт алаңы ел игілігіне берілген болатын.
       Мемлекет басшысының Бес институттық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу көзделгені белгілі.
        2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті өзін өзі басқару бюджеті халық саны 2 мың адамнан асатын ауылдық округ деңгейінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде енгізілді.
        Өткен жылы Жамбыл ауылдық округі салық жинауды артығымен орындады. Міне, мүлік, жер, көлік, орта және шағын бизнестен түскен салықтан округ әкімдігі 7,3 миллион теңге қаржы бөліп, ауыл балаларының спортпен айналысуына осындай керемет жағдай жасап отыр.
         Шағын ойын алаңшасын салуға ауыл тұрғыны, жомарт жүректі Қажымұхан Коспаев өзінің тұрғын үй жер учаскесінен 0,1700 гектар жер бөліп беріп, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратына рәсімделген болатын. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Ivision Build » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Кіші футбол алаңшасы жасанды газонмен қапталып, жан-жағы қоршалған. Спорт нысанының аумағына жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, жастардың түнгі уақытта да спортпен айналысуына жағдай жасалған.
          Нысанның ресми ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, ауылдық округтің әкімі Бақыт Махамбетов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, нысанның лентасын қиды. Сондай-ақ, әнұранымыз шырқалып, жаңа стадионда ауыл балалары арасында алғашқы ойын өтті.
          «Мұндай спорт алаңшасы үлкен қалалардың өзінде сирек кездеседі. Міне, мемлекет басшынысың арқасында төртінші деңгейлі бюджет құрылып, соның жемісін көріп отырсыздар. Әр ауыл әкімдігі салықтан түскен қаржыға осындай нысандарды салып, ауыл халқына үлкен жағдай жасайтын болады. Жаңа спорт нысанының арқасында жастарымыз бен балаларымыз футболмен шұғылданып, әлемге танымал спортшы болуларына тілектеспін!» — деді Алтын Күнтуқызы.
         Айта кетейік, мұндай спорт нысандары ауданымызға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтің барлығында іске қосылуда.
 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...