Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

           Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен грек-рим күресінен республикалық турнир болып өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына, «Жастар ресурстық орталығы» КММ құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сүндет Кенжебаев, аудандық спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеев, спорт ардагерлері қатысты.
          2004 – 2006 жылғы жасөспірімдер арасында 60, 65, 71 және +75 келі салмақта, 2007 – 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 39, 42, 45, 48, 51 және 57 келі салмақтарда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың бекітуімен өткен байрақты бәсекеде Мақтаарал, Төле би, Шардара, Сайрам, Сарыағаш, Жетісай аудандарымен қатар Тараз және Шымкент қалаларынан келген жас палуандар күш сынасты.
            «Спорт – денсаулық кепілі. Біз бұл турнирді өткізу арқылы бірінші кезекте салауатты өмір салтын насихаттауды, жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды, жаңа жас таланттарды анықтауды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елімізде қолға алынған жастар саясатының 10 жылдығын, күш атасы – Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді мақсат еттік. Айтулы мерекелерді атап өтуде әлі алда бірнеше облыстық, республикалық және халықаралық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз» дейді Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы аудандық мәслихат депутаты Сүндет Қахраманұлы.
           Жарысқа арнайы шақырылған грек-рим күресінен Азия Чемпионатының екі дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Адильхан Сатоев шеберлік сағатын өтіп, боз кілемде белдесетін балуандарға сәттілік тіледі.
          Барлық санитарлық және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілген тартысты өткен байрақты бәсекеде бабы мен бағы қатар жанған балуандар қарсыласын алып та жықты, шалып та жықты. Сонау ықылым заманнан атаның қанымен, ананың сүтімен бойға дарыған күресте бабы келіскен жасөспірімдер бар мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдерін қолдануға тырысып бақты. Боз кілемде атой салып, талайлардың таңдайын қақтырған күрес спортының болашақ жұлдыздарының өнерін тамашалаған жанкүйерлер қошемет көрсетіп, демеу беріп отырды.
           «Бүгінгі сайыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әр өңірден келген жас балуандар өз салмақтары бойынша мықтыларды анықтауда. Бүгінгі күн – грек-рим күресінің жаңа таланттарын анықтап, жаңа чемпиондардың жұлдызын жағатынына сенімдімін» дейді күрестің бірнеше түрінен Азия және Европа чемпионаттарының жеңімпазы атанған ардагер спортшы Сапарбек Сүлейменов.
          Турнир соңында барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысқандар, жастарды спортқа баулып жүрген жаттықтырушылар арнайы дипломдармен, ұйымдастырушылар тағайындаған медальдармен марапатталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...