Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«ЯСАУИТАНУ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » «ЯСАУИТАНУ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

«ЯСАУИТАНУ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

           ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі «Ясауитану – 2021» республикалық байқауы өтті.   Жиырма төртінші рет шымылдығын түрген сайысқа еліміздің облыс, қалаларынан үздік деп танылған 30 үміткер қатысты.
          Дәстүрлі байқауды ашып берген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев барша қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, жас ясауитанушылардың талабына сәттілік тіледі.
Байқаудың мақсаты түркі халықтарының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттап,  өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеруге, зерттеуге ынталандыру,  интеллектуалдық пайым-парасатын дамыту, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа дәріптеу болып табылады.
           Осы орайда сайысқа түскен оқушыларға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Е.Тәжібаев, т.ғ.к. М.Тұяқбаев, т.ғ.к., доцент З.Жандарбек, қор сақтаушы Н.Әшірбекова, ф.ғ.к., доцент Ө.Малдыбеков қазылық етті.
           Екі кезеңнен тұратын байқау барысында бас жүлдеге Түркістан облысы, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің оқушысы Ерболат Бердібай лайық деп танылып 150 000 теңге арнайы жүлде және диплом табысталса, 100 мың теңге ақшалай сыйақы тағайындалған І орынды Түркістан облысы, Сарыағаш ауданынан Ақжүніс Атахан, ІІ орынды 75000 теңге жүлдемен Алматы облысынан Еркеш Бердахмет және Қостанай облысынан Мөлдір Айтмұратова иеленді. Ал, ІІІ орын мен 50 мың теңге жүлде Шымкент қаласынан Аздар Аманғалиға және Ақтөбе облысынан Әсем Сейсеноваға, Қызылорда облысынан Гауһар Әзенге тапсырылса, өзге де қатысушылар мен ұстаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.
            «Ясауитану» байқауының тарихы 1997 жылдан бастау алады. Ең алғаш рет қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқау кейіннен облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеге қанат жайған.
        Байрақты білім байқауында бақ сынаған кіл мықтының арасында ауданның, облыстың мерейін үстем еткен Ерболат Бердібайды жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...