Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙ ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » ЖЕТІСАЙ ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖЕТІСАЙ ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Қорасындағы төрт түлігімен шаруасын тербетіп, күнелтіп отырған ауылдағы ағайын үшін биылғы жылғы орын алған қуаңшылық біраз қиындықтар туғызды. Жауын-шашынның аздығынан жайылымды алқаптардағы көктің тапшылығы шаруаларды титықтатып қойғаны да рас.
Аталмыш мәселені оңтайлы шешу мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын өз бақылауына алған.

Жетісай ауданында 78 мыңнан астам гектар суармалы жерінің 44 мың гектарына шитті мақта, 21 мың гектарына бақша, 3 мың гектарына көкөніс егілсе, 10 мың гектардан астам алқапқа мал азықты дақылдар – жоңышқа, дәндік және сүрлемдік жүгерілердің дәні себілген. Бүгінде, ауданда егістік алқаптардан жиналған және көршілес аудандардан сатып алынған 190 мың тонна қысқы мал азығы дайындалған.

Мұнан бөлек, аудандағы босаған егістік алқаптарда жергілікті мал өсірушілер Келес, Шардара аудандарындағы жайылымдардағы төрт түлігін өнімін жинап алған жер иелерімен келісіп, жайылым ретінде пайдаланып отыр. Аудандағы төрт түлікке қажетті жем-шөп тапшылығының алдын алу мақсатында аудандағы «Күлпаршын» мал базарының маңында аптасына 2 рет жем-шөп сату жұмыстары ұйымдастырылған. Ол жерлерде Жетісай ауданымен қатар көршілес аудандардың да мал азығы саудаланады.

«Қазіргі таңда бізде жем-шөп қорының нақты есебі жүргізіліп, қысқа қажетті қорды жеткілікті мөлшерде жинап отырмыз. Жем-шөпті мүлдем жоқ деп айта алмаймыз, бар, бірақ, далада, жайылымдық алқаптарда жылдағыдан аз. Жетісай ауданының территориясының басым бөлігі егістік алқап болғандықтан шаруаларымыз босаған егістік алқаптарында малдарын жаюда. Шаруалар өз иеліктеріндегі малдарын босаған егістік алқаптарда желтоқсанға дейін жая алады» дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбеков.

Төрт түлікті түлетіп, тұрмысын түзеп отырғандардың бірі – жетісайлық «Мәмбай ата» шаруа қожалығының төрағасы Темірхан Тәшімбаев. Ерте көктемнен қара күзге дейін Келес ауданынан жалға алған 500 гектар жайылымдық жерінде бірнеше атар қойы мен жылқыларын, ірі қара малдарын жаятын ақсақал салқын түсісімен аудандағы босаған егістік алқаптарды желтоқсан айына дейін пайдаланады. Қыс ауасында қамдаған жем-шөбін беріп, көкке ілінеді.
«Биылғы жылғы қуаңшылық жем-шөптің ойдағыдай өнім беруінде қиындықтар туғызғанымен қысқа дайындығымыз жақсы. Жетісай және көршілес Шардара, Келес аудандарынан жүгері паясы мен жоңышқа шөбін сатып алдық. Қыстан малды шығынға ұшыратпай, аман-есен шығамыз деген ниетіміз бар» дейді Темірхан Тәшімбаев ақсақал.

Айта кетейік, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен шаруалардың жем-шөп сатып алу мәселелерін жеңілдету, оңтайландыру мақсатында арнайы несиелендіру түрлерін ұсынып отыр. Несие көлемі шаруаның қорадағы мал басына қарай есептеледі. Ол үшін «Атамекен» ҰКП филиалдары арқылы қажетті құжаттардың топтамасы мен несиелік талаптарды білуге болады.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...