Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАНАРЫМ, ЖАРЫҚ ДҮНИЕМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЖАНАРЫМ, ЖАРЫҚ ДҮНИЕМ

ЖАНАРЫМ, ЖАРЫҚ ДҮНИЕМ

           Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндгі Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Қазақстанның белгілі жазушысы, қаламгер-журналист, мәдениет саласының үздігі Еркінбай Әкімқұловтың 84 жасқа толуына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті. «Жанарым, жарық дүнием» атты бұл әдеби кешке жазушының ұрпақтары атынан, қадірлі қонақтар ретінде Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғалымжан Бегжанов пен білікті ұстаз Бақытжан Бегжанов арнайы шақырылды.
         Салтанатты  жиынды осы  мектептің директоры Халима Ташболатовна ашып беріп, атақты жазушының өмірбаяны мен шығармашылық қызметіне қысқаша тоқталып өтті.  Содан кейін сөзге шыққан мектеп директорының орынбасары Гүлнара Дәулетбаева  мен педагогтар – Бақытжан Бегжанов пен Гүлмира Керимбековалар жас буын өкілдеріне, бүгінгі кештің өскелең ұрпаққа берер бай рухани маңызы туралы жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ,  іс-шара барысында оқушыларға атақты жазушының өмірбаянынан сыр шертетін шағын бейнеролик те көрсетілді.
        Әдеби шараның концерттік бөлімінде көрермендерге арнап Шолпан Ашенованың жетекшілігімен бір топ оқушылар, ақынның – «Туған жер», «Қазақ қызы»,  «Алдағы армандай…», «Күте  бер, дархан дала, көрімдікті»,  «Асыл жан», «Гүлнарға», «Өзенге өзің айналып»,  «Махаббат өзгермеген уыз қалпы», «Ақ жеңешем», «Түркістанның түлегімін», «Туған жерім-түстігім», «Тірілген қазақ», «Ал енді…», «Ауырма, Аяулым», «Сағынып сені жүремін», «Света қыз», «Жатса шіреніп», «Қарындастар, қарындастар», «Қолыңа қонды бақ құсың», «Асылжар», «Ауызашар»,  «Атамның батасы» – әндерін нақышына келтіре орындап берді.

 

Ғалымжан Бегжанов

         Кеш соңында сөзге шыққан Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғалымжан Бегжанов – атақты ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына  арналған осынау танымды маңызы ерекше іс-шараны ұйымдастырғаны үшін  мектеп ұжымына өз ризашылығын білдірді.
Қ.ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...