Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

             Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының төрағалығымен 1 қыркүйек күнгі Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмалардың орындалуы мен міндеттерін, бағыттарын талқылауға арналған жиын болып өтті. Селекторлық форматта өткен жиынға аудан басшысы мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйым мүшелері мен ұстаздар, жастар қатысып, Жолдауда айтылған әрбір тапсырма бойынша атқарылатын жұмыстардың барысы мен жаңа жобаларын таныстырды.
         Сонымен қатар, Жолдауда басымдық берілген 5 жаңа бастамадағы келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін ұлғаятындығы, өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін реттелетін сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шеңберінде «ұтымды» шаралардың әзірленетіндігі, еңбекақы төлеу қорына жүктемені 2023 жылдан бастап 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетуді көздейтін микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемдердің енгізілетіндігі,  жекелеген азаматтық қызметкерлердің жалақысының 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 20 пайызға артатындығы, зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банктің» есепшотына аударуларына мүмкіндік беру жетісайлықтар тарапынан қызу қолдау тауып отырғандығын айтқан аудан әкімі Мемлекет басшысының жолдауындағы әрбір тапсырмалардың орындалуы бойынша тиісті сала басшыларына нақты жұмыстар жүктеді.
           «Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауынан әр қазақстандық жақсы жаңалықтар, үлкен үміт күтетіні сөзсіз.
Президентіміздің қазақстандықтарға жолдаған биылғы  Жолдауы  жақсы жаңалықтармен толығып, жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеді.
            Осы жолы Мемлекет басшысы білім мен медицина саласына, елдің экономикасы мен экологиясына айрықша мән берді. Жастарға қолжетімді сапалы білім беруіне, денсаулыққа, баспана, су мәселесіне, елдің бүгінгі тыныш-тіршілігіне аса көңіл бөлді.
            Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, өз шешімін тапқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың бұдан да жақсаратынына сеніміміз зор.  Мемлекет басшысы  Қ.Ж.Тоқаевтың  халыққа жолдаған  Жолдауы әрбірімізге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейтінін естен шығармайық, әріптестер» деді Мұрат Болатұлы.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...