Home » Экономика » ТИІМДІ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН НЕСИЕ РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

ТИІМДІ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН НЕСИЕ РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

Түркістанда «Atameken Turkistan» микроқаржы ұйымы құрылды
«Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес-жоспарын қорғаған Мақтааралдықтар микроқаржы ұйымынан жылдық 6% мөлшерлемемен несие рәсімдей алады.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков айтуынша, «Аtameken Turkistan» МҚҰ «Бастау» түлектерінің жобаларын қаржыландыруға бағытталған.
«Кәсібін енді бастап жатқан азаматтар, «Бастау» жобасының түлектері несие рәсімдеуге құжаттарын жинап, несие алуға өтінімдерін беру қажет. Олар бірнеше салада несие ала алады. Шағын несиені 5 жылға, ал мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі дейін рәсімдеуге болады. 2021 жылы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалар үшін қарыздың ең жоғары соммасы 7,2 млн теңге, қалалар мен моноқалалар үшін 18,9 млн теңгеге дейін беріледі», – деді Тимур Нақыпбеков.

Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді.
Несиеге өтінім беру үшін белгіленген формадағы несие беруге өтініш және клиенттің сауалнамасы болуы керек. Мұнан өзге жеке кәсіпкерлікті немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, өтінім берушінің жеке куәлігі, несие тарихы, банктер мен салық органдарында берешегі жоқтығы туралы анықтамалар, кепілмен қамтамасыз етуге арналған құжаттар болуы керек.
Ауылдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалына келіп өздеріңізді қызықтырған сұрақтар бойынша толық мәлімет ала аласыздар. Мекен жайымыз: Мақтаарал ауданы, Жеңіс көшесі 10, «Nur Otan» ғимаратының 3-қабаты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...