Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 АЛДА АҒЫН СУДЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » АЛДА АҒЫН СУДЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛАДЫ

АЛДА АҒЫН СУДЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛАДЫ

         Негізгі бағыты аграрлы сала саналатын Жетісай ауданында алдағы айда ағын судың тапшылығы күтілуде. Оған себеп – мемлекетаралық келісім бойынша тамыздан бастап ауданға келетін ағын судың көлемі төмендемек. Қазіргі күні «Достық» халықаралық каналы арқылы Жетісай ауданына 62 текше метр су келіп тұр. Оның 50 текше метрін шаруалар егістіктеріне пайдаланса, 12 текше метрі горизонтта тұр. Тамыздан бастап Өзбекстаннан келетін судың көлемі 50 текше метрге төмендейді.                 Бұл жөнінде Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов жергілікті шаруалармен өткен жиында айтты. Аталмыш жиынға ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен ауыл шаруашылық өндірістік кооператив басшылыры, су қауымдастықтарының төрағалары қатысты. Басты мақсат – ағын суды тиімді пайдаланып, егістік алқаптарын толықтай суғарып алуды ұйымдастыру, дихандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
          «Биылғы жылы ауданда 43 156 га. жерге шитті мақта егілсе күні бүгінге дейін 14 мың га-ға жуық егістік алқап қана суғарылған. Бұл бар-жоғы 32% ғана. Сондықтан, келіп жатқан суды тиімді пайдаланып, тез арада суғарып алмаса алдағы айда судың тапшылығы сезілетіні жасырын емес. Ал, дәл қазір су ішпеген мақтада салмақ болмайды» дейді Асан Маханбетов.
          Сала мамандарының мәліметінше сонау Қырғыз елінің 19,5 млрд текше метрлік Тоқтағұл ГЭС-інен бастау алатын ағын су Тәжікстанның Қайраққұм су қоймасына, одан асып Өзбекстан арқылы «Достық» халықаралық каналымен бізге келеді екен. Аталмыш каналдың біздің елге тиесілі үлесі 49 шақырым. Ал, Жетісай ауданы осы каналдың соңында орналасқандықтан су тапшылығына қарсы машиналық әдіспен Шардара су қоймасынан қосымша су тартуға насостар орнатылған. Әйтсе де, 1-20 шілде аралығында мүлдем іске қосылмаған машканал министрліктің қарамағына өтіп кеткен, ағын суды жеткізіп береді деп оған да үміт артуға болмайды.
        Бүгінде мақталық алқаптарда ауыл шаруашылығы зиянкестерінің ІІІ кезеңіне қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан дихандар ағын суды ала алмай отыр. Басқосу барысында дәрілеуді барынша тездетіп, алқаптарды суғарып алу керектігі қатаң ескертілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІКТІҢ 10 АПТАСЫНА ДЕЙІН ЕСЕПКЕ ТҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

        ...

КЕНЕДЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

       Күн ...

СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

        ...

МАНТУ СЫНАМАСЫ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫ ОДАҒЫ: ЕЛ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КҮШ

       Қазақстандағы ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...