Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ ІС-ШАРА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ ІС-ШАРА

МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ ІС-ШАРА

         ҚР ІІМ-нің 2021 жылғы 15 шілдедегі №1-5-4-58/2207-И нұсқауына сәйкес, халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу  және оның жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың профлактикасы мақсатында біздің облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
         Осы аталмыш шара аясында біздің аудандық пробациялық қызметте арнайы іс-шаралар жоспары түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Пробация қызметінің өкілдері учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, өздеріне бекітілген аймақтағы есептегі азаматтармен кездесулер өткізуде.
        Егерде ол азаматтарда – жұмысқа орналасу, тұрғын үйлеріне, медициналық ем қабылдау мен басқа да әлеуметтік маңыздағы өзекті мәселелер туындаса соны шешуге ҚР Заңдары аясында белгіленген тәртіппен тиісті көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға материалдық көмек көрсету үшін демеушілік жасаушы кәсіпкерлерге ұсыныстарды жасау мәселесі де қарастырылады.
          Бұл іс-шараның арқасында халық арасында құқық қорғау органдарының, оның ішінде пробациялық қызметтің  беделін арттыратыны белгілі. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.  
С.ОРАЗӘЛІ,
Жетісай аудандық ПҚБ-нің инспекторы, әділет аға лейтенанты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...