Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАУ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАУ КЕРЕК

ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАУ КЕРЕК

          Қазіргі таңда шешімі күрделі мәселелердің бірі – өзіміз тұрып жатқан ауыл-аймақтар мен көлік көп жүретін көше бойларының тазалығы болып отыр. Турасын айтқанда оған көбінесе ауыл тұрғындарының өздері себепкер болып жатады. Олар өз күл-қоқыстарын  ұқыптап тиісті орындарға қойып кетудің орнына, ешкім байқамаса арық-атыздардың ішіне тіпті кейде көше бойына тастап кетіп жатады, жүріп бара жатқан көліктен бос «баклашкалардың» құтыларын сыртқа лақтырып кетуде. Сондай жөнсіз қылықтардың салдарынан  өздері мен туған туыстары зардап шегіп жатады. Сорақы тұсы ондай азаматтар өз қылықтарына өкініп түзелудің орнына мұны тазалық жұмыстармен айналысушы мекемелердің немесе қоғамдық негізде қоқыс тазалаумен айналысатын азаматтардың жұмысы деп санауда.
         «Ауыл қазақтың алтын бесігі» екені белгілі. Сол алтын діңгегімізді таза ұстауымыз үшін барымызды салуымыз керек деп санаймын. Ол үшін алдымен тазалықпен айналысушы арнайы коммуналдық қызметтермен тиісті  келісім-шарт түзулері керек. Сосын ол мекемелер қолжетімді бағамен  тұрмыстық қалдықтарыңызды есіктеріңіздің алдынан немесе белгіленген орындардан арнайы көліктермен алып кетеді. Ең бастысы әрбір ауыл тұрғыны тазалыққа құмар болып, ондай жат әдеттерге шыдамсыздық танытып отыруы қажет.
        Елді мекеннің тазалығы үшін әр тұрғын саналы түрде тазалық шараларын сақтаса, ауыл-аймақ көркейіп, көздеген нәтижеге қол жеткізер едік. Тазалықты ауадай қажетсініп-ақ тұрған ортаңыз болса, көзі ашық, көкірегі ояу замандастарымызды ұйымшылдықпен тазалыққа шақыру – азаматтық парызымыз деп білгеніміз жөн ғой. Ал сенің үйіңнің айналасының тазалығы қалай, ағайын?
Қанат ӘБДІРАХМАНОВ,
Аязхан Қалыбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...