Home » Әлеумет » АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

        Абай ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып шыққан Мұрат Болатұлы Бейбітшілік елді мекенінде орналасқан «І.Есенберлин» атындағы жалпы орта мектебінің акт залында округ тұрғындарымен кездесті. Мақсат – аудан орталығынан шалғайда орналасқан округ тұрғындарын ыстық күнде ары-бері сабылтпай ұсыныс-пікірлерін тыңдау, сұрақтарына жауап беру, елді мекендердегі түйіні тарқатылуы тиіс мәселелерді бірігіп шешу болатын.
        Басқосуға округ тұрғындарымен қатар аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязов, бөлім басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.
        Кездесуге келгендер тарапынан Отан және Бейбітшілік елді мекендеріндегі 683 отбасыны табиғи газбен қамтамасыз ету, 709 түтіні бар Алтын кемер және Халықтар достығы елді мекендерін 2021 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жоспарға енгізу мәселелері айтылды. Сонымен қатар, округ аумағындағы жаңадан түскен көшелерге электр желілерін тартып, КТП орнату, округтегі 1960 жылдары қолданысқа берілген ескі көшелерді асфальттау, Жүзімдік пен Бейбітшілік елді мекендерін байланыстыратын КХ-75 автожолын жарықтандыру, округтегі декоративті ағаштарды сақтап қалу мақсатында күтіп-баптау жұмыстарын мемлекеттік меншікке алу керектігі де айтылды.
       Округ аумағында халық санының өсуіне байланысты және тұрғын үй салуға жер телімін алуға кезекке тұрушылардың санының 400-ге жетуіне байланысты елді мекен жегін ұлғайтуға арналған жерлерден тұрғын үй салуға жер учаскесін бөлу керектігін алға тартқан тұрғындар аудан басшысынан көмек сұрады. Жер учаскесі қаралған жағдай бірінші кезекте аса мұқтаж 71 отбасы тұрғын үй салу учаскесіне ие болмақ. Ауыз су мен ағын су жайлы айтылған өтініштерге де жауап берді.
        «Абай ауылдық округі тұрғындарын ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етуді қолға алып жатырмыз. Жаңадан су мұнараларын да салып жатырмыз. Әйтсе де, тұрғындардың көбі ауыз сумен үйіргелік жерлерін суғарып жатыр екен. Себебін сұрасақ – ағын су жетіспейді дейді. Ағын суды мемлекет бізге жеткілікті мөлшерде беріп отыр, күнделікті мәліметтерді мамандардан алып отырмын. Суды каналдардан насостармен сорып алып, ысырап қылып отырған өздеріңіздей тұрғындар. Жауапты мамандар ағын суды кезегімен беріп, тәртіп орната білсе бәріңізге де жетеді. Сондықтан, бірінші кезекте баршаға ортақ тәртіп керек» деді Мұрат Қадырбек.
         Жиын соңында округ жастарына қажетті спорттық комплекс пен Халықтар достығы елді мекеніндегі саябақ аумағына мәдениет үйін салу қажеттілігін айтқан ауыл тұрғындары аудан басшысының алдағы атқарар істеріне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Өз кезегінде Мұрат Болатұлы да айтылған ұсыныстар мен пікірлердің хаттамаға енгізіліп, жауапты сала мамандарымен тиісті жұмыстардың жүргізілетінін жеткізді.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...