Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІКТЕРІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ЛАРДА САҚТАНДЫРА АЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІКТЕРІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ЛАРДА САҚТАНДЫРА АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІКТЕРІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ЛАРДА САҚТАНДЫРА АЛАДЫ

           2021 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындакөлік иелерін сақтандыру қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Көлікті қайта тіркеуді ресімдей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың немесе «делдалдардан» сақтандыру полисін ресімдеудің қажеті жоқ.
            Жаңа қызмет туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин баяндап берді.
             «Мамандандырылған ХҚО операторларымен көлік иелерін сақтандыру қызметі әдетте мамандандырылған ХҚО-лардаклиенттерге өз мүддесі үшін қызметтерін ұсынатын «көмекшілерге» клиенттердің шағымдарымен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі. Егер пилоттық жоба сәтті іске асырылатын болса, біз еліміздің басқа мамандандырылған ХҚО-ларында да сақтандыру қызметін енгіземіз», – деді Мемлекеттік корпорация төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
             Клиенттерге көлікті қайта тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Ағымдағы кезеңде «Евразия» сақтандыру компаниясымен келісім жүзеге асырылған. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 300-ден астам азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты жасалды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...