Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
БҮЛДІРШІНДЕРМЕН БІРГЕ СУРЕТ САЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БҮЛДІРШІНДЕРМЕН БІРГЕ СУРЕТ САЛДЫ

БҮЛДІРШІНДЕРМЕН БІРГЕ СУРЕТ САЛДЫ

         Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен мектеп жасындағы оқушылар арасында асфальтқа сурет салудан аудандық байқау болып өтті.
        Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының 23 жылдығы, Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай ұйымдастырылған осы байқауға – «Jas Otan» жастар қанатының Жетісай аудандық филиалы мүшелері мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының, Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық шығармашылық орталығының қызметкерлері, қазақ эстрадасы жарық жұлдыздарының бірі, «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев қатысты.
           «Бала – біздің болашағымыз. Ұлтымыздың, ұрпағымыздың жалғасы, отанымыздың ертеңгі күні иелік етер тұлғалары. Олардың болашағының жарқын болуына, ұлтжанды, отансүйгіш болып өсуіне біз тікелей жауаптымыз. Өткізіліп жатқан іс-шара бүлдіршіндеріміздің қиялдарына қанат бітіріп, патриоттық сезімдерін оятарына сенемін. Барша қатысушыға сәттілік тілеймін!» деген әнші Ердос Қанаев жетісайлықтарды «6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы күні» мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, бүлдіршіндермен естелік суретке түсіп, асфальтқа «Бәйтерек» монументінің суретін салды.
         Нұр-Сұлтан қаласын тек теледидар мен фотосуреттерден ғана көрген қатысушылар барынша суреттерге жан бітіруге тырысты. «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» тақырыбында өткен сурет салу байқауына 30-ға тарта бүлдіршіндер қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Оқушылардың сурет салу шеберлігі мен тақырыпқа сәйкестігі басты назарға алынған конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды «Амангелді» атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ақжусан Паташ пен «Қазыбек би» атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Таңнұр Каналқұл иеленсе, ІІ орын «Жеңіс» мектеп-гимназиясының оқушысы Ұлбала Көпжанға бұйырды. Ал, І орынды «Қызыл таң» атындағы жалпы орта мектебінен Жанерке Тәжібай қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар ұйымдастырушылардың дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, арнайы медальдармен марапатталды.
         Шара кезінде ұйымдастырушылар есебінен барлық қатысушылар мен жетекшілеріне, ата-аналарына мерекелік балмұздақтар мен тәтті сусындар үлестірілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...