Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЕЛОРДАДА 49 МЕКТЕП АРАЛАС ТІЛДЕ, АЛ 34-і ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕЛОРДАДА 49 МЕКТЕП АРАЛАС ТІЛДЕ, АЛ 34-і ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРЕДІ

ЕЛОРДАДА 49 МЕКТЕП АРАЛАС ТІЛДЕ, АЛ 34-і ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРЕДІ

           Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2047 аралас тілді мектепте білім алып жатыр. Білім саласы сарапшыларының пікірінше, ана тіліміздің  дамуына кедергі келтіріп тұрған бір тосқауыл – осы аралас мектеп­тер. Қоғамды алаңдатқан мәселені сарапшылар MEDIA CLUB QAZAQSTAN алаңында талқылады.
         «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамытудың республикалық қоғамдық кеңесінде депутат Динар Нөкетаева елімізде жаңадан ашылатын 800 мектепке қойылар басты талап қазақ тілінде білім беруі екенін атап өткен. Халық саныжыл санап артып жатқан елордамызда аралас тілді білім беретін мектептер көбейіп жатыр, өкініштісі, олардың саны қазақ тілді мектептерден көп. Білім басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 91 мемлекеттік мектеп бар, оның  34-і қазақ мектебі, 8-і орыс мектебі, 49-ы аралас тілді.
          Эфир барысында модератор Ерболат Мұхамеджан Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысына аралас мектептер ашылатын кезде жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама, зерттеудің нәтижесімен бөлісуін сұрады.
         Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының айтуынша, елордамыздың сол жағалауында орыс тілінде оқытатын мектептер аз, үш ауысымды мектептер көп. Сондықтан аралас мектеп салу бұл мәселені шешетінін айтады.
         «Қандай да бір істі бастамас бұрын анализ жасалуы керек. Ол жағынан келісемін, бұл бағытта жұмыс істейміз. Жергілікті тұрғындардан қажеттілігімізді ескермейсіздер деген шағымдар жиі түседі. Астанамыздың сол жағалауында орыс тілінде оқытатын мектептер саны аз болғандықтан, ата-аналар орыс тілді сыныптар ашуымызды сұрайды. Сұраныс бар, сондықтан аралас мектептер ашылуда. Барлық мектептер үшін қазақ тілінің білім бағдарламасын қайта қарастыратын боламыз»,-дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының  басшысы Шәкәрім Сейсенбай.
         Эфир барысында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы аралас мектептерді ашқанша, қазақ тілді мектептердің санын арттыру керек екенін баса айтты. Тіл жанашыры Елбасы Н. Назарбаевтың 2006 Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясындағы жасаған баяндамасында: «Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитындардың саны 63 пайызды құрайды. Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндет қойып отырмыз»,- деген сөзін алға тартты. Экс-депутат 2020 жыл өтіп кетсе де орыс сыныбында оқитын балалардың қазақ тілін білмейтінін айтып, қазіргі білім саласы басшыларына аралас мектептердегі идеология бөлек екенін атап өтті.
MEDIA CLUB QAZAQSTAN.

 

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...